---
title: "ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАМҚОРШЫСЫ"
description: "Арпалыс пен әлеуметтік қақтығыстарға толы ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде жоғары білім алған санаулы ..."
author: "makala"
published: "2014-10-07T03:34:14+00:00"
modified: "2014-10-07T03:34:14+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tarih-pen-m-denietti-am-orshysy-432880"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tarih-pen-m-denietti-am-orshysy-432880/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАМҚОРШЫСЫ

> Арпалыс пен әлеуметтік қақтығыстарға толы ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде жоғары білім алған санаулы ...

###

![zhurgenov ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАМҚОРШЫСЫ](http://www.astana-akshamy.kz/img/2014/10/zhurgenov.jpg)

### Арпалыс пен әлеуметтік қақтығыстарға толы ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде жоғары білім алған санаулы қазақтардың көрнекті өкілі Т.Жүргенов – түрлі халықтар мен өңірлерге тән тарихи-мәдени үдерістердің тәлімін тереңінен толғаған, оң тәжірибесін кәдеге жаратуға олжа салған қайраткер әрі ой иесі.

Ол Қорқыт Ата мен Фирдоуси заманының тұлғалары тағдырын, аңыз-әңгімелерінің көркемдік-идеялық болмысын ғылыми талдай алды, жаңа дәуірдегі Ресей, АҚШ, Ұлыбритания білімі мен ғылымы тарихындағы ерекшеліктер мен қиыншылықтарды алға тарта отырып, Қазақстанның, орта азиялық республикалардың интеллектуалдық серпілісін толымды нәтижелермен көмкеруді армандады. «Америка мәдениетті мемлекет болып есептеледі, – деп жазған екен «Темір нарком» 1935 жылы, – Соның өзінде соңғы 60 жылдың ішінде халықтың сауаты он бес-ақ процент артқан. Ал бізде айналдырған 15 жылдың ішінде 59% көтеріліп отыр». ХV ғасыр ақыны Асан Қайғы, ХІХ ғасыр дүлдүлі А.С.Пушкин, ХХ ғасыр Гомері – Жамбыл шығармашылығы оған мейлінше таныс болғаны «К задачам нового педвуза КССР коренизировать мировую культуру», «Орыс халқының ұлы жазушысы және қазақ халқы», «Қазақстандағы мәдениет революция­сы», «Шахнаме», «Мектептің түрі, тілі туралы (айтыс ретінде)», «О пьесе «Хан Кене» и ее критиках», т.б. кітаптары мен мақалаларында айқын көрініс тапты. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://www.mtdi.kz/component/content/article/4117-tarih-pen-madeniettin-kamkorshysy))

---

Source: [https://yvision.kz/post/tarih-pen-m-denietti-am-orshysy-432880](https://yvision.kz/post/tarih-pen-m-denietti-am-orshysy-432880)