---
title: "Таразым"
description: "- Бұл әлемге әйгілі әнші Анна Герман (\"Надежда - мой компас земной\", \"Эхо любви\", \"Гори, гори моя з..."
author: "Orken_Kenzhebek"
published: "2018-02-18T13:34:29+00:00"
modified: "2018-02-18T13:34:29+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tarazym-797052"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tarazym-797052/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Таразым

> - Бұл әлемге әйгілі әнші Анна Герман ("Надежда - мой компас земной", "Эхо любви", "Гори, гори моя з...

- Бұл әлемге әйгілі әнші Анна Герман ("Надежда - мой компас земной", "Эхо любви", "Гори, гори моя звезда") үш жыл тұрған қала. Жақсы көретін әншім.

- Бұл Ленинге үш рет оқ атып, жаралаған Фанни Капланның әпкесі Фая Каплан жер аударылған жер. Ол осында газировка сатқан, кейін үйінде біреу Ленин үшін кек қайтардым деп өлтіріп кетеді.

- Бұл Sayasat Nurbek ағам айтқандай, әлемдегі ең алғашқы сауда биржаларының бірі пайда болған қала. Вексель, фьючерс секілді ірі түсініктердің іргесі осында қалана бастаған деген еді.

- Бұл Қазақстандағы ең көне мешіттің орны табылған қала. Иә, бұл Ислам дінін қабылдаған ең бірінші қала еліміздегі.

- Бұл бір емес, үш үлкен түрме тұрған уникальный қала. Үш химия зауыты бар. Және 300-дей тойханасы және бар) - Бұл бабаларымыздың арабтармен бірлесіп, қытайлардың бетін қайтарған әйгілі Атлах шайқасы болған жер. Осы шайқаста мұсылмандар қытайлардан қағаз жасау технологиясын біліп алып, басқа әлемге таратты дейді.

- Фирдауси, Рудаки, Хайям қыздарының сұлулығын жырға қосқан қала.

- Сәбет заманында ағаштардың саны бойынша Қазақ КСР-ындағы ең жасыл қала саналған.

- Виктор Цойдың "Звезда по имени Солнца" өлеңінің алғашқы шумағы Таразға арналған деген аңыз бар.

- Бастысы, бұл 2000 жыл бойына тіршілік оты өшпеген, қанша соғыс болса да, қайыспаған, адамы көшпеген, қонысын өзгертпеген қала.

Общым, осындай мәліметтер жиған едім. Бөлісем десеңіздер, мархабат!

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/post/tarazym-797052](https://yvision.kz/post/tarazym-797052)