---
title: "«Танымды кездесу»"
description: "Наурыздың 27 жұлдызында жастар бастамаларын дамыту орталығында Павлодар өңірінің қоғамдық ойдың көш..."
author: "CRMI"
published: "2015-03-29T23:22:58+00:00"
modified: "2015-03-29T23:22:58+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/tanymdy-kezdesu-486656"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/tanymdy-kezdesu-486656/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Танымды кездесу»

> Наурыздың 27 жұлдызында жастар бастамаларын дамыту орталығында Павлодар өңірінің қоғамдық ойдың көш...

![«Танымды кездесу»](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/3Lue1Bc9K0p6STxxiv32rl98r61A3S.jpg)

Наурыздың 27 жұлдызында жастар бастамаларын дамыту орталығында Павлодар өңірінің қоғамдық ойдың көшбасшыларымен кездесу өтті. Кездесуді ұйымдастырушылар Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және «Бес асыл» серіктестік орталығы.

Кездесу барысында ақпараттық-талдамалық қызмет, жастар бастамаларын үйлестіру және іске асыру бөлімінің басшысы Әлімханов Олжас «Сайлау -2015» тақырыбында түсірілген бейнежазбаны қатысушыларға көрсетті.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының директорының орынбасары Салтанат Тұрарова 2015 жылға жоспарланған іс – шараларды айтты.

Кездесудің соңы «Бес асыл» серіктестік орталығының басшысы Ләззат Асқарова көшбасшылық туралы тренинг өткізді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/tanymdy-kezdesu-486656](https://yvision.kz/post/tanymdy-kezdesu-486656)