---
title: "Талантты жастар"
description: "5 сәуірде аудандық кітапханада Чернобыль атом электростанциясы апатын жоюдың 30 жылдығына байланысты..."
author: "CRMI"
published: "2016-04-06T00:16:33+00:00"
modified: "2016-04-06T00:16:33+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/talantty-zhastar-687706"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/talantty-zhastar-687706/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Талантты жастар

> 5 сәуірде аудандық кітапханада Чернобыль атом электростанциясы апатын жоюдың 30 жылдығына байланысты...

5 сәуірде аудандық кітапханада Чернобыль атом электростанциясы апатын жоюдың 30 жылдығына байланысты ресурстық жастар орталығымен Шарбақты ауданының «Қаһарман» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Чернобыль быль - Чернобыль боль» атты шығарма жазудан конкурс өткізілді.

Қатысушылар аталған тақырыпта шығарма жазуды үлкен жауапкершілік деп санап, өткен өмірге бір көз жүгіртіп, қазіргі таңда тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасы мемлекетінде тұрып жатқандарына шүкіршілік ететіндерін де айтып кетті.

![Талантты жастар](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/a7c3QhebKEOyqZ6X3j8Q2MOb6zPY58.jpg)

Әділқазылар алқасында Чернобыль АЭС апатына қатысқан В. Мыльников, «Шарбақты ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жастармен жұмыс бойынша әдіскері - Смайлова Асем және «Мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тіл бойынша әдіскері А.Оспанов мүшелік етті.

Конкурстың қортындысы бойынша 1- ші орынды №2 жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы И.Джигирюк және Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Аңсаған Күнсұлу иеленді.

![Талантты жастар](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/5a514sbP6lGeXsv4Gs4b4izDk96Pk3.jpg)

Жеңімпаздардың шығармалары аудандық «Маралды» және «Трибуна» газеттеріне шығады.

---

Source: [https://yvision.kz/post/talantty-zhastar-687706](https://yvision.kz/post/talantty-zhastar-687706)