---
title: "ТАҒЫ ДА МҰ3, ТАҒЫ ДА ТЕҢІЗ"
description: "Жиһангездер оңтайлы өткел іздеп бір апта бойы шығысқа қарай жылжыды, алайда қайда болсын мұз берік е..."
author: "kitap28"
published: "2016-04-13T10:23:13+00:00"
modified: "2016-04-14T13:53:39+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ta-y-da-m-3-ta-y-da-te-iz-689045"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ta-y-da-m-3-ta-y-da-te-iz-689045/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ТАҒЫ ДА МҰ3, ТАҒЫ ДА ТЕҢІЗ

> Жиһангездер оңтайлы өткел іздеп бір апта бойы шығысқа қарай жылжыды, алайда қайда болсын мұз берік е...

Жиһангездер оңтайлы өткел іздеп бір апта бойы шығысқа

қарай жылжыды, алайда қайда болсын мұз берік емес, жаз

өтіп шуақпен аяз алмасып тұрса да, теңіз толық қатпай,

жылыда еріп жұмсарған сіреу сеңдердің де беті тегістелмей

қойды. Қыстың басын күте тұруға тура келеді, ал ол үшін

Толльдің салған лашығы бар, отқа жағуға жағадан салынды

ағаш жинап алуға болатын, тіпті ақ аю мен терістік бұғысын

аулап азық-түлік толықтыратын Беннетта аралына жету керек.

Бақытқа қарай Санников жері мен арал арасындағы мұз

жазда бұзылмай аман қалыпты, соның арқасында терістікке

қарай шағын ғана шеңбер жасап, он күнде Беннеттаға да

келіп жетті. Никифоровтың жаздай жинаған қорынан иттерге

деп алған ет таусылып, соңғы үш күн бойы отын болмай

қалған кез еді бұл.

Түнерген құз-тасты қу тақыр Беннетта аралы Санников

жерінен кейін жиһангездер көңілін құлазытып-ақ тастады.

Алайда олар аралдың күңгейінде, тұщы сулы бұлағы бар

шағын алқаптың сағасында тұрған Толльдің тар лашығына

да қуанып қалды. Бұл арадан бүкіл аралды алып жатқан үсті

тегіс адырға шығып тұруға болатын. Салынды ағаш жеткілікті-

ақ екен, алайда аң аулаймыз деген үміт ақталмады. Бұғы

жоқ боп шықты, ал аю көзге түспеді. Басқаларын азықтандыру

үшін иттерді біртіндеп өлтіре беруге тура келді, бір нарта

жоқ болғандықтан бір жегін артық еді, әуелі сол желінді.

Олар осылай он күн амалдады, алайда жағдай өзгерген

жоқ, сентябрь туып қалғанына қарамай жаз қаз-қалпы, мұз

бұзылып, еріп жатыр. Адамдардың азық-түлігі де таусылуға

тақады. Аннуирді лашық пен иттерді күзетуге тастап, күн

сайын төртеуі түгел аңға шығады, ұзындығы он алты

шақырым, ені ең кең шығыс бөлегінде сегіз шақырым аралды

ерсілі-қарсылы кезгенімен, анда-санда қарға мен шағаланың

өзін әрең әкеледі.

– Мәселе былай, жолдастар, – деді бір күні Горюнов. –

Бұдан әрі күтудің жолы да, жөні де жоқ, бүйте берсек, мұз

қатып, нағыз қажет кезінде иттердің қарғы бауын ғана ұстап

қаламыз. Барометр бірнеше күннен бері керемет жоғары тұр,

теңіз тыныш, дауыл күтудің жөні жоқ. Жылы киім мен

мылтықтан басқа затымыз шамалы, иттердің жарым-жартысы

ғана қалды, ішіндегі ең таңдаулы бес-алтауын қалдырып,

өзгесінен арылсақ, бәріміз де байдаркаға сыямыз. Күннің

тымығын пайдалансақ, Қазандық аралына екі тәуліктің

бағдарында барып та қаламыз, ал онда бәрімізге де жетер

азық-түлік бар, ауа райы өзгерсе, қысты да күтуге болады,

әйтпесе соны жағалап, тура құрлықтың өзіне қарай жүреміз.

Талқылай келіп олар осы жоспар әбден дұрыс деген

тұжырым жасады: күн әжептәуір ұзақ – он екі сағаттан

артық, ескекті алмаса есіп, теңізбен Беннеттаға ең жақын

Жаңа Сібір аралындағы заңғар мүйісіне дейін жетпіс мильді

бір күнде, тақа болмаса, арада көшіп жүрген мұз шоқылардың

біріне қонып екі күнде жүзіп өтуге жағдай бар. Әрине, кенеттен

дауыл көтерілсе, қайықты суға батыруы да ықтимал, ал

қатер теңіз жаңа қатқан кезде кейін де төнбей қалмайды,

онда октябрь айында тек екі сағаттай күн ұзақ, оның есесіне

мұзды қирататын жел жиі болады.

Сонымен, кешке дейін барометр төмен түспесе, артық

иттерді өлтіріп, қалғанын шеңбірек атқыза тойдырып, бөлек-

салақ мүлікті лашыққа тастап жолға шығуға келісілді. Осы

мақсатпен жүк мұқият қайта іріктелді.

Кешке қарай барометр тағы да көтеріліп, жүрек сыздап

қимағанмен де қаншама уақыт адал қызмет еткен бірнеше

итті құрбан етуге тура келді. Әрине, Крот, Белуха, Пеструха

аман қалды. Таң қылаң бере жиһангездер меймандос

лашықты тастап, ашық теңізге дейін байдарканы мұзбен сүйреп

күн шыға бағытты тура шығысқа ұстап жүзіп берді. Қайықтың

жүгі ауыр болғандықтан, қарқын ойдағыдай болған жоқ.

Күн батқанша орта жолдан сәл ғана асты. Теңіздің ортасында

көшкін мұз жиі кездесіп, жүзе беру қатерлі болды. Үлкен

бір мұз алаңын тауып, ат басын тіреуге тура келді, сонда

түнеп те шықты. Күн ұясына қонар кезде көкжиектен заңғар

мүйісі ап-айқын көрінді.

Таң ата тұрып, әрі қарай тартты. Күн әбден жарық болған

кезде Никифоров пен Горохов қиырға көз тастап тұрып

қосарлана дауыстап:

– Мына қызыққа қара – түнде бізді мына мұз бір жаққа

біраз апарып тастапты! – деді.

– Қай жаққа? Қайда? Жер көрінбей ме? – деп сұрады

Ордин.

– Жер ме, жер көрініп тұр ғой, бірақ кешегі көрінген

емес.

– Сонда бізді қай жаққа апарып тастауы мүмкін?

– Бәлкім, шығысқа қарай сырғытып тастаған болар, онда

біз Жаңа Сібірдің шығыс бөлегін көріп тұрмыз, ал батысқа

сырғытып жіберсе, алдымыздағы Фадеев немесе Қазандық

аралының өзі, – деді Горюнов.

– Алыстан айқын емес, – деді Горохов, – қай арал

екенін айырып болмайды.

– Мейлі, қайсысы болса, онысы болсын барып жетуіміз

керек, барометр түнде түсе бастады, асыққан абзал! – деп

ескертті Ордин.

Күн жоғары көтеріліп, теңіз үстіндегі шарбы тұман

айыққанда дүрбісін алған Горюнов әлгі жерді шолып:

– Ал, қане, қырағы көз Никита! Көз алдыңыздағы қай

жер? – деп сұрады.

Горохов көзін күннен көлегейлеп қарап жіберді де:

– Қазандық аралы! – деді бірден.

– Дұрыс! Мұз да бізді арал жағалауындағы қатерлі

жерлерден құтқарып кетіпті ғой түнде. Енді біз тура өз

қоймамызға барып тоқтаймыз. Шынында да түске қарай

көрініп тұрған Қазандық аралы екеніне еш күмән қалған жоқ

– оның кескінін бәрі таныды, өзгергені тек көктемде

қозғалмай жатқан қарының түгел дерлік кетіп қалғаны ғана.

Күн батар алдында аралды көмкеріп тастаған мұзды

белдеуге кеп тоқтап, сеңгір сеңдер арасымен бес шақырым

бойы нарта сүйреп келе жатып, олардың көктем күндерін

еске түсіруіне тура келді. Екі іңірдің арасында терістік

мүйістегі қоржын тамға да жетті.

Қоймадағылар түгел емес екен, шамасы, жаз аралда

аңшылық еткен кәсіпкерлер, азық-түлікті, әсіресе кепкен сүр

балықты пайдаланса керек. Алайда қалған бірді-екілі итке

азық шаш етектен еді.

Келесі күні ауа райы ашық болды, бірақ күннің шұғыл

құбылуынан хабар беріп, барометр күрт түсіп кетті. Тағдырды

ылғи сынға сала берудің реті жоқ, олар шыдай тұруға бел

буды. Айтқандай-ақ түнде дауыл тұрып, ал таңертең қар

үрді де салды, ізінше аяз басталып, бірден қыс түсті. Боран

жебей соғып, қыркүйектің аяғына дейін созылды, бірақ итке

ас-су, адамға азық-түлік, жағуға отын жеткілікті еді,

жиһангездер жылы тамда жата берді. Үйге жол алыс әлі,

алайда басты бөгет – ашық теңізден бұлар өтіп алған-ды.

Кездейсоқ ашық күндердің бірінде бәрі мүйістегі биікке

көтеріліп, көкжиекте әрең көрініп тұрған Санников жеріне

қарады. Онда не болды екен? Жарылыс тынды ма? Ойпаттан

су қайта сарқылды ма? Әлде жанды атаулының бәрі құрып,

бірнеше жылдан соң су мен қардың астында қап терістік

мұздарының арасындағы молшылық өмірдің ақтық тірегі –

орман да жойылып кете ме? Сонау шалғай жерге, әрқайсысы,

әсіресе Аннуир, қымбат қимасын қалдырған жерге, бәрі мұңая

қарады. Бойына шап-шақ келген Костяковтың жылы киімін

кигенімен, Аннуир дағдыланбаған қатты суықтан жапа шегіп

жүрді. Ол артта қалған атамекенін, үйреншікті тұрмыс-

жағдайын, опат болған тайпаластарын ойлап жиі мұңаяды.

– Сонда сіздің жердің бәрі осындай суық па, қалайша

қар мен мұздан басқа түк жоқ? – деп ол қасындағылардан

талай мәрте сұрады.

Қазанның басында әбден орныққан қыс сапарды әрі қарай

жалғастыруға, әрине, нартамен жалғастыруға жағдай жасады.

Ауырырақ нартаны иттер, жеңілірегін кезектесіп екі кісі

сүйреді. Күн қысқа, ай жарық болғанда түнде жүруге тура

келді. Аюлы мүйісіндегі тамда мұзды бұзып кеткен боранның

ақырын күтуге тура келіп, кейін қатерге бас тігіп, Кіші

Ляховскийге жұқа мұзбен бару керек болды. Ал Үлкен

Ляховскийде боранның ақырын екі дүркін күтуге тура келді.

Бар мәзір, азық-түлік таусылуға айналды, оның есесіне

нарталар жеңілдеп қалды. Әбден шаршап-шалдыққан,

қасында тірі қалған үш-ақ иті бар жиһангездер тек қазанның

ақырғы күндері ғана Казачьеге келіп жетті.

Жиһангездер оңтайлы өткел іздеп бір апта бойы шығысқақарай жылжыды, алайда қайда болсын мұз берік емес, жазөтіп шуақпен аяз алмасып тұрса да, теңіз толық қатпай,жылыда еріп жұмсарған сіреу сеңдердің де беті тегістелмейқойды. Қыстың басын күте тұруға тура келеді, ал ол үшінТолльдің салған лашығы бар, отқа жағуға жағадан салындыағаш жинап алуға болатын, тіпті ақ аю мен терістік бұғысынаулап азық-түлік толықтыратын Беннетта аралына жету керек.Бақытқа қарай Санников жері мен арал арасындағы мұзжазда бұзылмай аман қалыпты, соның арқасында терістіккеқарай шағын ғана шеңбер жасап, он күнде Беннеттаға дакеліп жетті. Никифоровтың жаздай жинаған қорынан иттергедеп алған ет таусылып, соңғы үш күн бойы отын болмайқалған кез еді бұл.Түнерген құз-тасты қу тақыр Беннетта аралы Санниковжерінен кейін жиһангездер көңілін құлазытып-ақ тастады.Алайда олар аралдың күңгейінде, тұщы сулы бұлағы баршағын алқаптың сағасында тұрған Толльдің тар лашығынада қуанып қалды. Бұл арадан бүкіл аралды алып жатқан үсті309тегіс адырға шығып тұруға болатын. Салынды ағаш жеткілікті-ақ екен, алайда аң аулаймыз деген үміт ақталмады. Бұғыжоқ боп шықты, ал аю көзге түспеді. Басқаларын азықтандыруүшін иттерді біртіндеп өлтіре беруге тура келді, бір нартажоқ болғандықтан бір жегін артық еді, әуелі сол желінді.Олар осылай он күн амалдады, алайда жағдай өзгергенжоқ, сентябрь туып қалғанына қарамай жаз қаз-қалпы, мұзбұзылып, еріп жатыр. Адамдардың азық-түлігі де таусылуғатақады. Аннуирді лашық пен иттерді күзетуге тастап, күнсайын төртеуі түгел аңға шығады, ұзындығы он алтышақырым, ені ең кең шығыс бөлегінде сегіз шақырым аралдыерсілі-қарсылы кезгенімен, анда-санда қарға мен шағаланыңөзін әрең әкеледі.– Мәселе былай, жолдастар, – деді бір күні Горюнов. –Бұдан әрі күтудің жолы да, жөні де жоқ, бүйте берсек, мұзқатып, нағыз қажет кезінде иттердің қарғы бауын ғана ұстапқаламыз. Барометр бірнеше күннен бері керемет жоғары тұр,теңіз тыныш, дауыл күтудің жөні жоқ. Жылы киім менмылтықтан басқа затымыз шамалы, иттердің жарым-жартысығана қалды, ішіндегі ең таңдаулы бес-алтауын қалдырып,өзгесінен арылсақ, бәріміз де байдаркаға сыямыз. Күнніңтымығын пайдалансақ, Қазандық аралына екі тәуліктіңбағдарында барып та қаламыз, ал онда бәрімізге де жетеразық-түлік бар, ауа райы өзгерсе, қысты да күтуге болады,әйтпесе соны жағалап, тура құрлықтың өзіне қарай жүреміз.Талқылай келіп олар осы жоспар әбден дұрыс дегентұжырым жасады: күн әжептәуір ұзақ – он екі сағаттанартық, ескекті алмаса есіп, теңізбен Беннеттаға ең жақынЖаңа Сібір аралындағы заңғар мүйісіне дейін жетпіс мильдібір күнде, тақа болмаса, арада көшіп жүрген мұз шоқылардыңбіріне қонып екі күнде жүзіп өтуге жағдай бар. Әрине, кенеттендауыл көтерілсе, қайықты суға батыруы да ықтимал, алқатер теңіз жаңа қатқан кезде кейін де төнбей қалмайды,онда октябрь айында тек екі сағаттай күн ұзақ, оның есесінемұзды қирататын жел жиі болады. Сонымен, кешке дейін барометр төмен түспесе, артықиттерді өлтіріп, қалғанын шеңбірек атқыза тойдырып, бөлек-салақ мүлікті лашыққа тастап жолға шығуға келісілді. Осымақсатпен жүк мұқият қайта іріктелді.Кешке қарай барометр тағы да көтеріліп, жүрек сыздапқимағанмен де қаншама уақыт адал қызмет еткен бірнешеитті құрбан етуге тура келді. Әрине, Крот, Белуха, Пеструхааман қалды. Таң қылаң бере жиһангездер меймандослашықты тастап, ашық теңізге дейін байдарканы мұзбен сүйрепкүн шыға бағытты тура шығысқа ұстап жүзіп берді. Қайықтыңжүгі ауыр болғандықтан, қарқын ойдағыдай болған жоқ.Күн батқанша орта жолдан сәл ғана асты. Теңіздің ортасындакөшкін мұз жиі кездесіп, жүзе беру қатерлі болды. Үлкенбір мұз алаңын тауып, ат басын тіреуге тура келді, сондатүнеп те шықты. Күн ұясына қонар кезде көкжиектен заңғармүйісі ап-айқын көрінді.Таң ата тұрып, әрі қарай тартты. Күн әбден жарық болғанкезде Никифоров пен Горохов қиырға көз тастап тұрыпқосарлана дауыстап:– Мына қызыққа қара – түнде бізді мына мұз бір жаққабіраз апарып тастапты! – деді.– Қай жаққа? Қайда? Жер көрінбей ме? – деп сұрадыОрдин.– Жер ме, жер көрініп тұр ғой, бірақ кешегі көрінгенемес.– Сонда бізді қай жаққа апарып тастауы мүмкін?– Бәлкім, шығысқа қарай сырғытып тастаған болар, ондабіз Жаңа Сібірдің шығыс бөлегін көріп тұрмыз, ал батысқасырғытып жіберсе, алдымыздағы Фадеев немесе Қазандықаралының өзі, – деді Горюнов.– Алыстан айқын емес, – деді Горохов, – қай аралекенін айырып болмайды.– Мейлі, қайсысы болса, онысы болсын барып жетуімізкерек, барометр түнде түсе бастады, асыққан абзал! – депескертті Ордин. Күн жоғары көтеріліп, теңіз үстіндегі шарбы тұманайыққанда дүрбісін алған Горюнов әлгі жерді шолып:– Ал, қане, қырағы көз Никита! Көз алдыңыздағы қайжер? – деп сұрады.Горохов көзін күннен көлегейлеп қарап жіберді де:– Қазандық аралы! – деді бірден.– Дұрыс! Мұз да бізді арал жағалауындағы қатерліжерлерден құтқарып кетіпті ғой түнде. Енді біз тура өзқоймамызға барып тоқтаймыз. Шынында да түске қарайкөрініп тұрған Қазандық аралы екеніне еш күмән қалған жоқ– оның кескінін бәрі таныды, өзгергені тек көктемдеқозғалмай жатқан қарының түгел дерлік кетіп қалғаны ғана.Күн батар алдында аралды көмкеріп тастаған мұздыбелдеуге кеп тоқтап, сеңгір сеңдер арасымен бес шақырымбойы нарта сүйреп келе жатып, олардың көктем күндерінеске түсіруіне тура келді. Екі іңірдің арасында терістікмүйістегі қоржын тамға да жетті.Қоймадағылар түгел емес екен, шамасы, жаз аралдааңшылық еткен кәсіпкерлер, азық-түлікті, әсіресе кепкен сүрбалықты пайдаланса керек. Алайда қалған бірді-екілі иткеазық шаш етектен еді.Келесі күні ауа райы ашық болды, бірақ күннің шұғылқұбылуынан хабар беріп, барометр күрт түсіп кетті. Тағдырдыылғи сынға сала берудің реті жоқ, олар шыдай тұруға белбуды. Айтқандай-ақ түнде дауыл тұрып, ал таңертең қарүрді де салды, ізінше аяз басталып, бірден қыс түсті. Боранжебей соғып, қыркүйектің аяғына дейін созылды, бірақ иткеас-су, адамға азық-түлік, жағуға отын жеткілікті еді,жиһангездер жылы тамда жата берді. Үйге жол алыс әлі,алайда басты бөгет – ашық теңізден бұлар өтіп алған-ды.Кездейсоқ ашық күндердің бірінде бәрі мүйістегі биіккекөтеріліп, көкжиекте әрең көрініп тұрған Санников жерінеқарады. Онда не болды екен? Жарылыс тынды ма? Ойпаттансу қайта сарқылды ма? Әлде жанды атаулының бәрі құрып,бірнеше жылдан соң су мен қардың астында қап терістік312мұздарының арасындағы молшылық өмірдің ақтық тірегі –орман да жойылып кете ме? Сонау шалғай жерге, әрқайсысы,әсіресе Аннуир, қымбат қимасын қалдырған жерге, бәрі мұңаяқарады. Бойына шап-шақ келген Костяковтың жылы киімінкигенімен, Аннуир дағдыланбаған қатты суықтан жапа шегіпжүрді. Ол артта қалған атамекенін, үйреншікті тұрмыс-жағдайын, опат болған тайпаластарын ойлап жиі мұңаяды.– Сонда сіздің жердің бәрі осындай суық па, қалайшақар мен мұздан басқа түк жоқ? – деп ол қасындағыларданталай мәрте сұрады.Қазанның басында әбден орныққан қыс сапарды әрі қарайжалғастыруға, әрине, нартамен жалғастыруға жағдай жасады.Ауырырақ нартаны иттер, жеңілірегін кезектесіп екі кісісүйреді. Күн қысқа, ай жарық болғанда түнде жүруге туракелді. Аюлы мүйісіндегі тамда мұзды бұзып кеткен боранныңақырын күтуге тура келіп, кейін қатерге бас тігіп, КішіЛяховскийге жұқа мұзбен бару керек болды. Ал ҮлкенЛяховскийде боранның ақырын екі дүркін күтуге тура келді.Бар мәзір, азық-түлік таусылуға айналды, оның есесіненарталар жеңілдеп қалды. Әбден шаршап-шалдыққан,қасында тірі қалған үш-ақ иті бар жиһангездер тек қазанныңақырғы күндері ғана Казачьеге келіп жетті.

---

Source: [https://yvision.kz/post/ta-y-da-m-3-ta-y-da-te-iz-689045](https://yvision.kz/post/ta-y-da-m-3-ta-y-da-te-iz-689045)