---
title: "ТӘРТІПТІК КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ"
description: "2015 жылғы 8 сәуірде Тәртіптік кеңестің мәжілісі болып өтті. Осы мәжілісте 13 тәртіптік іс қаралды...."
author: "anticorruption_tz"
published: "2015-04-09T08:00:26+00:00"
modified: "2015-06-18T03:45:28+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/t-rtiptik-ke-esti-otyrysy-490241"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/t-rtiptik-ke-esti-otyrysy-490241/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ТӘРТІПТІК КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ

> 2015 жылғы 8 сәуірде Тәртіптік кеңестің мәжілісі болып өтті. Осы мәжілісте 13 тәртіптік іс қаралды....

2015 жылғы 8 сәуірде Тәртіптік кеңестің мәжілісі болып өтті. Осы мәжілісте 13 тәртіптік іс қаралды. 9 іс бойынша тәртіптік істерді тоқтату туралы шешім қабылданды, 2 мәні бойынша шешім қабылдау үшін жіберілді, 1 іс бойынша атқаратын қызметінен босату туралы ұсыныс жасау жөнінде шешім қабылданды, 1 іс бойынша қызметінен төмендету туралы ұсыныс жасау жөнінде шешім қабылданды.

Одан өзге, осы мәжілісте 3 мемлекеттік қызметшіден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін берілген тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы ұсыныс хаттар, Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысының Тараз қаласының әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың және Ар-намыс кодексінің сақталуы жөніндегі жұмыстары туралы есебі, Тараз қаласының әкімі аппаратының Тәртіптік комиссиясының жұмысы тыңдалды және тиісті ұсыныстар жасалды.

![H3XbBBs9Z33N6UjLHQExP6HrN57UK2.jpg](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruption_tz/H3XbBBs9Z33N6UjLHQExP6HrN57UK2.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/t-rtiptik-ke-esti-otyrysy-490241](https://yvision.kz/post/t-rtiptik-ke-esti-otyrysy-490241)