---
title: "ТҮРКІСТАН МЕН АТЫРАУДЫ ЖАҚЫНДАТҚАН КӨРМЕ"
description: "15 маусым күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Атырау облысы тарихи – өлк..."
author: "azret_sultan"
published: "2016-06-19T22:21:26+00:00"
modified: "2016-06-19T22:21:26+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/t-rkistan-men-atyraudy-zha-yndat-an-k-rme-698437"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/t-rkistan-men-atyraudy-zha-yndat-an-k-rme-698437/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ТҮРКІСТАН МЕН АТЫРАУДЫ ЖАҚЫНДАТҚАН КӨРМЕ

> 15 маусым күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Атырау облысы тарихи – өлк...

![ТҮРКІСТАН МЕН АТЫРАУДЫ ЖАҚЫНДАТҚАН КӨРМЕ](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/13442278_633651226816114_9205705929855758942_n.jpg?oh=9c7f0243f4e85d7c7a1fcd40c761586c&oe=57D05B5A)

15 маусым күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Атырау облысы тарихи – өлкетану мұражайы қорынан ұйымдастырылып отырған «Ғасырлардан сыр шерткен Атырау» атты көрменің салтанатты түрде ашылуы болды. Көрме мақсаты өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және мұражайлар ісін дәріптеу, Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорындағы құнды жәдігерлерді насихаттау. Атаулы көрмеге «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Ж.Әубәкір, Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Р.Харипова, Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі Ж.Ибрагимов, БАҚ өкілдері, қала қонақтары және музей қызметкерлері қатысты.

![ТҮРКІСТАН МЕН АТЫРАУДЫ ЖАҚЫНДАТҚАН КӨРМЕ](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/13434800_633651223482781_4652021536027212498_n.jpg?oh=b9757f7a6da4864ff95d27ecc4e85b0c&oe=57C9CED0)

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Ж.Әубәкір көрменің маңыздылығына тоқтала келе, музейлер арасындағы қарым-қатынастың одан әрі дамуына тілектестігін білдіріп, қонақтарға алғыс хат, кәдесыйлар мен музейдің баспа өнімдерін табыстады. Келесі сөз кезегін алған Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Р.Харипова Атырау елінің тарихи тұлғалар толы өлкенің күйшілер мен батырлар мекені екендігін мақтанышпен айтып, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің ұжымына өз алғысын жеткізді. Түркістан қаласы әкімі кеңесшісі Ж.Амангелдіұлы Атырау жерінен келіп отырған көрмеге ыстық ықыласын білдіріп, қала әкімінің атынан алғыс хат табыстады.

![ТҮРКІСТАН МЕН АТЫРАУДЫ ЖАҚЫНДАТҚАН КӨРМЕ](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/13427731_633651290149441_7034499589462555006_n.jpg?oh=ebca642a30afbe4bc54f88e8c17ae52e&oe=57C93C7D)

Көрме көпшілік назарына бір ай көлемінде жұмыс жасайды.

![ТҮРКІСТАН МЕН АТЫРАУДЫ ЖАҚЫНДАТҚАН КӨРМЕ](https://fbcdn-sphotos-e-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xpt1/v/t1.0-9/13434715_633651296816107_959618516360481544_n.jpg?oh=8b199c8cbd982cd68b5148f041e047c5&oe=57E0C964&__gda__=1474533935_7b9d2db8339c6ce9ab7c44447f5d3241)

---

Source: [https://yvision.kz/post/t-rkistan-men-atyraudy-zha-yndat-an-k-rme-698437](https://yvision.kz/post/t-rkistan-men-atyraudy-zha-yndat-an-k-rme-698437)