---
title: "ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: КЕЛЕСТЕ КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ"
description: "«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы жанынан құрылған «Парасат» пікір талас клубының кезекті от..."
author: "abubakir00"
published: "2023-02-09T11:35:22+00:00"
modified: "2023-02-09T11:35:22+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/t-rkistan-keles-keleste-klubyny-kezekti-otyrysy-tti-983672"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/t-rkistan-keles-keleste-klubyny-kezekti-otyrysy-tti-983672/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: КЕЛЕСТЕ КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

> «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы жанынан құрылған «Парасат» пікір талас клубының кезекті от...

«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы жанынан құрылған «Парасат» пікір талас клубының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа ел ағалары, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен саяси партиялар, депутаттар, жастар, ұлт жанашырлары, БАҚ өкілдері және клубтың мүшелері қатысты.

Кезекті отырыста жайылымдық және үйіргелік жер мәселелерінің шешілу жолдары және аудан көлемінде беріліп жатқан әлеуметтік көмектер мен грант және жастарға жасалып жатқан жеңілдіктер туралы екі мәселе қаралды.

Бөлім басшылары беріліп жатқан әлеуметтік көмектер мен грант және жастарға жасалып жатқан жеңілдіктер туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Құралбаева және аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Серік Құралов хабарламалары тыңдалды.

Бөлім басшыларының баяндамаларында айтылғандай 20221-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба бойынша бөлім және орталықтың мамандары ауыл және ауылдық округтерде түсіндірме жұмыстарын жүргізген.

Клуб мүшелері тарапынан көтерілген мәселелерді шешу жолдары бойынша сұрақтар мен ұсыныстар беріліп, клуб отырысының шешімі бойынша тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді.

#AMANATKELES

---

Source: [https://yvision.kz/post/t-rkistan-keles-keleste-klubyny-kezekti-otyrysy-tti-983672](https://yvision.kz/post/t-rkistan-keles-keleste-klubyny-kezekti-otyrysy-tti-983672)