---
title: "ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН ТАҒАЙЫНДАУ!"
description: "Тұрғын үй көмегі қажет пе және оған қалай қол жеткізуге болады? Қызмет түрін кез-келген халыққа қызм..."
author: "ceka"
published: "2015-01-27T01:46:56+00:00"
modified: "2015-01-27T01:46:56+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/t-r-yn-y-k-megin-ta-ayyndau-464339"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/t-r-yn-y-k-megin-ta-ayyndau-464339/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН ТАҒАЙЫНДАУ!

> Тұрғын үй көмегі қажет пе және оған қалай қол жеткізуге болады? Қызмет түрін кез-келген халыққа қызм...

Тұрғын үй көмегі қажет пе және оған қалай қол жеткізуге болады? Қызмет түрін кез-келген халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 185 қаулысына сәйкес алуға болады.Аталмыш қаулыға сәйкес кезекке төмендегідей халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары тұра алады:1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;3) 1 және 2 топтағы мүгедектер;4) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;6) жасына байланысты зейнеткерлер;7) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады;8) оралмандар;9) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;10) көп балалы отбасылар;11) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;12) толық емес отбасылар жатады.Ол үшін:1) есепке қою туралы өтініш;2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе паспорт (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады);3) некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейін), балалардың тууы туралы куәліктердің (2007 жылғы 13 тамызға дейін) көшірмелері;4) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы туралы анықтаманы қосымша ұсынады;5) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі берген, олардың мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынады;6) жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасын ұсынады;7) Отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда өтініш берушілер тиісті уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады.Мемлекеттік қызметті көрсету тегін. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі сұрақтарға жауапты бірыңғай байланыс орталығы 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы ала алады.

---

Source: [https://yvision.kz/post/t-r-yn-y-k-megin-ta-ayyndau-464339](https://yvision.kz/post/t-r-yn-y-k-megin-ta-ayyndau-464339)