---
title: "«ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАҢА ҰСТАНЫМДАР»"
description: "2019 жылдың 21 қаңтарда Сырым ауданы Жымпиты ауылында Батыс Қазақстан облысындағы білім бөлімдері ма..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-01-23T11:00:25+00:00"
modified: "2019-01-23T11:00:25+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/t-l-any-leumettendiru-zh-ne-t-rbieleudegi-zha-a-stanymdar-824431"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/t-l-any-leumettendiru-zh-ne-t-rbieleudegi-zha-a-stanymdar-824431/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАҢА ҰСТАНЫМДАР»

> 2019 жылдың 21 қаңтарда Сырым ауданы Жымпиты ауылында Батыс Қазақстан облысындағы білім бөлімдері ма...

2019 жылдың 21 қаңтарда Сырым ауданы Жымпиты ауылында Батыс Қазақстан облысындағы білім бөлімдері мамандары және әдіскерлерінің қатысуымен облыстық үлестірмелі семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының мақсаты мен міндеттерін түсіндірді. «Білім» бағыты бойынша Жобалық топтардың қызметіне тоқталып, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының алдағы жұмыс жоспарын ұсынды.

Сонымен қатар, семинар-кеңеске Орал қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі, БҚО дін істері басқармасы, БҚО полиция департаменті,БҚО оқу-әдістемелік кабинеті, «Шанс» орталығы өкілдері қатысып, тұлғаны қалыптастыру мәселелері бойынша баяндамалар оқыды.

Шараның екінші бөлімінде аудан мектептері, қосымша білім беру ұйымдары іс-тәжірибелерімен бөлісті.

---

Source: [https://yvision.kz/post/t-l-any-leumettendiru-zh-ne-t-rbieleudegi-zha-a-stanymdar-824431](https://yvision.kz/post/t-l-any-leumettendiru-zh-ne-t-rbieleudegi-zha-a-stanymdar-824431)