---
title: "СЫН САҒАТ КЕЛДІ, ҚАЗАҚ ЕЛІ !!!"
description: "2020 жылдың 27 шілдесінен бастап (күнде) сағат 20.00 – 20.30 аралығында ҮКІМЕТТІҢ ХАЛЫҚҚА ЖАСАҒАН ҚА..."
author: "kzblog"
published: "2020-07-27T04:04:12+00:00"
modified: "2020-07-27T10:07:00+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/syn-sa-at-keldi-aza-eli-862263"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/syn-sa-at-keldi-aza-eli-862263/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СЫН САҒАТ КЕЛДІ, ҚАЗАҚ ЕЛІ !!!

> 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап (күнде) сағат 20.00 – 20.30 аралығында ҮКІМЕТТІҢ ХАЛЫҚҚА ЖАСАҒАН ҚА...

2020 жылдың 27 шілдесінен бастап (күнде) сағат 20.00 – 20.30 аралығында ҮКІМЕТТІҢ ХАЛЫҚҚА ЖАСАҒАН ҚАСТАНДЫҒЫНА ҚАРСЫ БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ наразылық акциясы басталады.

Халықтың жағдайын жақсартуға кедергі болып отырған басты себеп - ол жемқорлық. Мемлекет қазынасына түскен қаражат халықтың жағдайын жақсартып, тұрақты жұмыс орындарын ашып, ел экономикасын көтеруге жұмсалудың орнына, түгелге жуық жемқор биліктің қалтасына кетуде.

Билік, бас пайдасы үшін індетпен күресуге арнайы бөлінген 6 трлн теңге қаражатты талан-таражға салып, халықты қырғынға ұшыратты. Бұдан кейін бұл биліктен қандай жақсылық күтуге болады?! Егер бүгіннен бастап билік жасаған осы қастандыққа халық болып қарсы тұрмасақ, жерден де, елден де, мемлекеттіктен де айрылып қалу қаупі бар. Үндістанды бір оқ шығармай Ағылшынның отарлығынан құтқарған мемлекет және қоғам қайраткері Махатма Ганди, "Ұлттың басты жауы, отаршылардың тәрибиесін алған "белсенділер", деген екен". Бұның айнымайтын шындық екенін орыс тәрбиесін алған үкімет басындағы билік көрсетіп отыр. Олардың Отан үшін де, ұлт болашағы үшін де бастары ауырмайды. Олардың әр қайсысы қазір миллиардер және ұрлаған қаражаттарын да, жанұяларын да шет елде ораналастырып қойған. Бір аяқтарымен шет елде отыр. Мақсаттары мемлекеттің "қалған" қаржысын талан-таражға салу. Оның нақты айғағы, тақтың басты үміткері Д.Назарбаеваның Лондондағы мүлік дауы. Ал, "өз елінде босқындыққа түсетін күн басталады", деп отырғанымыз, бүгінгі күні халықтың 75% жуығының мойнында несие бар. Демек бүкіл халық банктерге тәуелді. Қазірдің өзінде олардың жартысынан көбі несие төлеуге жағдайлары жоқ. Ал, індеттің салдарынан туындаған дағдарыс нәтижесінде жұмыс орындарының қысқаруына байланысты халық түгелге жуық несие қайтаруға дәрменсіз болады. Ал банктер өз бетімен несиені жеңілдетуге немесе кешіруге бармайды. Қайта, мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың, халықтың несие төлеу уақытын кейінге қалдыру туралы нұсқауына қарамастан, банктер несие қайтару амалдарын күшейтіп жатыр. Ал банк кепілдігіндегі негізгі мүлік - ол халықтың баспанасы. Баспанадан айрылған соң, өз еліңде босқын болмай, кім боласың, қазағым?! Бүгіннен бастап осы қиыншылықтардың алдын алып, мемлекет қаражатын халық қадағалауына алып, ел байлығын халықтың игілігіне жұмсауды халық болып қолға алмасақ, ұрпақ болашағы туралы ойлаудың өзі қорқынышты... Сондықтан, үйде бұғып отыруды қойып, "мен болмасам кім менің ұрпағымның болашағын ойлайды", деген мақсатпен наразылық акциясына шығу қажет! Көрсет, Ұлы Елдің Ұрпағы екеніңді! Бабаларымыз әлемнің 9 бөлігін бізге мұраға, ғасырлар бойы ат жалында, қан кешіп жүріп қалдырған! Берме халықтың несібесін жауыз, жемқор билікке! Қазақстанның байлығы, әрбір қазақстандыққа, Скандинавия елдерінен жақсы жағдай жасауға жетеді. Ал өз қолыңа мемлекет қаржысын қадағалауды! Мемлекет қаржысы халық игілігіне жұмсалсын! Ең бастысы, ешкім халықты қантөгіске айдап салып отырған жоқ. Бар болғаны үй маңындағы жол жиегіне шығып, бой көрсетіп, биліктің жауыздығына халық наразы екенін көрсету. Ұрпақ болашағы үшін көтер басыңды! Қосыл наразылық акциясына! Шақыр достарды қатарға! Акция бейнетаспаға түсіріліп, әлеуметтік желілерде жариялансын. Себептері, уақыты мен тәртібі мұнда: https://yvision.kz/post/862240

---

Source: [https://yvision.kz/post/syn-sa-at-keldi-aza-eli-862263](https://yvision.kz/post/syn-sa-at-keldi-aza-eli-862263)