---
title: "«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БІРЫҢҒАЙ САҒАТЫ»"
description: "9 желтоқсан БҰҰ шешіміне сәйкес «Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күні» болып белгіленген. 20..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-11-29T04:55:19+00:00"
modified: "2017-11-29T04:55:19+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-biry-ay-sa-aty-786461"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-biry-ay-sa-aty-786461/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БІРЫҢҒАЙ САҒАТЫ»

> 9 желтоқсан БҰҰ шешіміне сәйкес «Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күні» болып белгіленген. 20...

9 желтоқсан БҰҰ шешіміне сәйкес **«Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күні»** болып белгіленген.

2017 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен Назарбаев университеті бірлескен **«Академиялық адалдық тұрғысынан қоғамдық сананы жаңғырту»** тақырыбында телекөпір өткізді. Телекөпірде еліміздің барлық жоғары оқу орындарында, колледждерде және орта мектептерде **«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты»** өткізу бастамасы жарияланды.

Осыған орай, 29 қараша сағ.10.00-де Батыс Қазақстан облысының барлық университеттері, колледждері мен мектептерінде «**Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бірыңғай сағаты**» ұйымдастырылды.

Іс-шаралар әртүрлі форматтарда ұйымдастырылып, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері түсіндірілді.

Шаралар барысында еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы бейнеролик көрсетіліп, жадынамалар таратылды.

---

Source: [https://yvision.kz/post/sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-biry-ay-sa-aty-786461](https://yvision.kz/post/sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-biry-ay-sa-aty-786461)