---
title: "«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС–ӘР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ МІНДЕТІ»"
description: "2017 жылдың 08 қыркүйекте «Сыбайлас жемқорлықпен күрес–әр мемлекеттік қызметшінің міндеті» атты семи..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-09-09T00:51:05+00:00"
modified: "2017-09-09T00:51:05+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-r-memlekettik-yzmetshini-mindeti-778229"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-r-memlekettik-yzmetshini-mindeti-778229/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС–ӘР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ МІНДЕТІ»

> 2017 жылдың 08 қыркүйекте «Сыбайлас жемқорлықпен күрес–әр мемлекеттік қызметшінің міндеті» атты семи...

2017 жылдың 08 қыркүйекте **«****Сыбайлас жемқорлықпен күрес–әр мемлекеттік қызметшінің міндеті****»** атты семинар-кеңес өтті.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Ж.Абдрахманов, Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының, облыс әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы БҚОФ-ның өкілдері және облыстық басқармалардың қызметкерлері қатысты.

Семинар-кеңестің жұмысы барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құрылыс, энергетика және ТҮКШ салаларындағы жағдайы», «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша атқарылған жұмыстар туралы» және «Нұр Отан партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы туралы»тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.

Семинар шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетіліп, қатысушыларөз ұсыныс-пікірлерімен алмасты.

---

Source: [https://yvision.kz/post/sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-r-memlekettik-yzmetshini-mindeti-778229](https://yvision.kz/post/sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-r-memlekettik-yzmetshini-mindeti-778229)