---
title: "Суши жасау"
description: "Суши тағамына деген сұраныс соңғы кезде көбейіп бара жатыр. Ал оны артық шығын шығарып ресторанда ем..."
author: "kerbez_"
published: "1969-12-31T18:00:00+00:00"
modified: "2023-04-27T09:16:47+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/sushi-zhasau-277303"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/sushi-zhasau-277303/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Суши жасау

> Суши тағамына деген сұраныс соңғы кезде көбейіп бара жатыр. Ал оны артық шығын шығарып ресторанда ем...

Суши тағамына деген сұраныс соңғы кезде көбейіп бара жатыр. Ал оны артық шығын шығарып ресторанда емес, үйде де тамсанып жеуге болады. Сонымен бүгін біз сушидің екі түрін: филадельфия және унаги маки жасаймыз.

![Суши жасау](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/22ee1Ps8QCqjOXZDt23hGethOi5jc0.jpg)

Ол үшін бізге 400-500 г. күріш, 300-400 г. қызыл балық, арнайы филадельфия ірімшігі, соя, 1 қияр, 100 г. арнайы уксус, нори, жарты шай қасық қант,қызыл уылдырық керек.

![Суши жасау](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/42j5fVx3Ann3ZXaAkI3F36xBFla834.jpg)

Алдымен күрішті суға салып пісіреміз, күрішті пісірудің арнайы әдісі бар. Ол үшін күрішті 5-6 рет жақсылап жуып алу керек. Одан соң күрішті ыдысқа салып 3-4 см.асатындай су құйып қайнатамыз. Алғашында қатты отқа бір бұрқ етіп қайнатып, сәлден соң астын қатты басып қою керек. Күріш піскен соң, оны суытамыз. Күрішіміз суығанша, уксусқа қант қосып еземіз.

![Суши жасау](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/qo8NxYAyZjnwsQYl0Q6lOHcnx7K0zY.jpg)

Дайын болғанда суыған күрішімізге құйып араластырамыз. Күріштің дәмін бір тексеріп алу керек. Уксус дәмі аздау болса, үстінен құямыз. Осымен күрішіміз дайын.

![Суши жасау](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/RDBO73c0GHmJMYn9fzuek4T5TR7xp7.jpg)

Енді ағаш төсегішін салафанмен қаптаймыз (болашақта бірнеше мәрте пайдалану үшін) Бір нори жапырағын аламыз.

![Суши жасау](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/95yHjqAs3U38BQ6Jx05xaZkDiOqRfL.jpg)

Оны екіге бөліп аламыз.

![Суши жасау](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/VrWiGVUH0ux8w0f1ggotUWmI099eRq.jpg)

Енді оның үстіне күрішімізді қаптаймыз.

![Суши жасау](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/28KCXFbhunipl2R72MpHO21Zxr4AVo.jpg)

Күріш жақсылап жабысуы керек. Енді оның ортасына қызыл балық, қияр үзінділері мен кішкене қызыл уылдырық қосамыз.

![Суши жасау](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/UHPjoiQ5JKedN16S1FKRFUUj9m0Z6q.jpg)

Болды, енді жақсылап аударамыз.

![Суши жасау](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/Rw5RDRD41PUiaPCS0omJMIS3d5Y72a.jpg)

![Суши жасау](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/UE77N3f1JcT4UJ1rPVXKOnKpFg91y5.jpg)

Енді филадельфия жасау үшін тағы да нориге жақсылап күрішті жаямыз.

![Суши жасау](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/43bD5JvpBbZU874D0umBGuy2h0iuYU.jpg)

Оны аударып, үстіне ірімшік саламыз.

![Суши жасау](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/vNE5983XLk06fn7rEWfCqJE40smKYJ.jpg)

![Суши жасау](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/ntcwFaX1u9E3Z8dmos11SXV19v3Yuq.jpg)

Қызыл уылдырық

![Суши жасау](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/VXMiC0uaBorRb7i5tmyTbua9U8M1ed.jpg)

Енді бұдан ролл жасаймыз

![Суши жасау](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/EsTAX4tDtF28d0IkKfu6Lce2oAAaAN.jpg)

Бізде мынадай ролл пайда болады, оның үстіне тілімдеп қызыл балықты орналастырамыз.

![Суши жасау](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/KBY4x4PQ03vOQz3NXTkal1T60VsjV7.jpg)

![Суши жасау](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/fwAQgSB0UGRE2sgWGV8aX2WQw6d7hl.jpg)

Бұл ұзын роллдарды өткір пышақты суға малып отырып, кішкентай төртбұрыштарға бөлеміз. Сонымен біздің сушиларымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

![Суши жасау](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/hppmxlBTq39drQ9PB2w1395yqzWPB5.jpg)

Асханада болған: Баян Берекетқызы

---

Source: [https://yvision.kz/post/sushi-zhasau-277303](https://yvision.kz/post/sushi-zhasau-277303)