---
title: "Студенттермен кездесу"
description: "А.ж. 7 желтоқсанда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жанындағы көппрофил..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-12-11T08:38:32+00:00"
modified: "2017-12-11T08:38:32+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/studenttermen-kezdesu-788850"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/studenttermen-kezdesu-788850/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Студенттермен кездесу

> А.ж. 7 желтоқсанда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жанындағы көппрофил...

А.ж. 7 желтоқсанда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жанындағы көппрофильді колледжде «Сыбайлас жемқорлыққа қөарсы күрестегі азаматтық қоғамның орны: тарихы мен қазіргі жағдайы.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру. Өз құқықтарын қорғай білуге және патриоттық тәрбиеге, отансүйгіштікке баулу.

Дөңгелек үстелге Департаменттің қызметкері С. Беккажанова қатысып, студенттерге жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде баяндады.

Сонымен қатар, «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенттері Э. Биғозиннің «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбы бойынша және Н. Жамбаеваның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбы бойынша баяндамалары тыңдалды. «Заңтану» кафедрасының оқытушысы Е. Максименко сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың құқықтық негіздері туралы баяндады.

Қатысушылардың назарына «Жемқорлықсыз болашақ: Біргеміз!» бейнероликтер байқауында жүлделі орындарды иеленген жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер ұсынылды.

Дөңгелек үстел ашық диалог түрінде өтті, студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды ортаға салып, пікірсайысқа түсті және өз көзқарастарын қорғай білді.

Дөңгелек үстелдің соңында студенттер еліміздің болашағы жемқорлық сынды әлеуметтік індеттен ада болатынына сенімдерін білдірді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/studenttermen-kezdesu-788850](https://yvision.kz/post/studenttermen-kezdesu-788850)