---
title: "СТУДЕНТТЕРІ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІЛЕРДІ ТАРАТУ БОЙЫНША ҒИМАРАТТАРҒА ЖАЗЫЛҒАН ЖАЗУЛАРДЫ БОЯУДА"
description: "Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері «Біз есірткіге қарсымыз» атты акцияны ұйымдас..."
author: "dvd_sko"
published: "2018-11-24T08:15:22+00:00"
modified: "2018-11-24T08:15:22+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/studentteri-sintetikaly-esirtkilerdi-taratu-boyynsha-imarattar-a-zhazyl-an-zhazulardy-boyauda-820165"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/studentteri-sintetikaly-esirtkilerdi-taratu-boyynsha-imarattar-a-zhazyl-an-zhazulardy-boyauda-820165/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СТУДЕНТТЕРІ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІЛЕРДІ ТАРАТУ БОЙЫНША ҒИМАРАТТАРҒА ЖАЗЫЛҒАН ЖАЗУЛАРДЫ БОЯУДА

> Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері «Біз есірткіге қарсымыз» атты акцияны ұйымдас...

![СТУДЕНТТЕРІ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІЛЕРДІ ТАРАТУ БОЙЫНША ҒИМАРАТТАРҒА ЖАЗЫЛҒАН ЖАЗУЛАРДЫ БОЯУДА](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/433dc3a2e06faaa6a9eec7c6e9c45e.jpg)

![СТУДЕНТТЕРІ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІЛЕРДІ ТАРАТУ БОЙЫНША ҒИМАРАТТАРҒА ЖАЗЫЛҒАН ЖАЗУЛАРДЫ БОЯУДА](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/388fab5790ea783f8793a889150ccc.jpg)

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері «Біз есірткіге қарсымыз» атты акцияны ұйымдастырып, барлық қалалықтарды бұл зұлымдыққа бейжай қарамауға шақырды. Колледждер, университеттің оқушылары, олардың көбі – полицияның ерікті көмекшілері. Олар полицейлердің бейжай қарамай және есірткі дилерлеріне қарсы күресуде күш біріктіруге шақыруына бірінші болып қол созды. Қала тұрғындарының көбі жиі кездесетін ғимараттардағы салынған граффити – есірткі сайттарының мекенжайларына күдікпен қарамай өтіп кетеді. Ал жастар болса, қызық көріп сілтеме бойынша сайтқа кіріп, есірткі таратушылардың қармауына тап болады. Сондықтан да полицейлер барлығын осы зұлымдықпен қарсы күресуге шақырады.

«Бүгінгі күні біз, синтетикалық есірткілерді сатумен айналысатын 60 жуық сайтты анықтадық. Олардың барлығы бұғатталды, бірақ бұл оларға жаңа Интернет-арналарды ашуға кедергі келтірмейді. Біз осындай акция арқылы халықты тартып, аталған мекенжайларды бояуға көмектесуге шақырамыз», -деп тоқтала кетті СҚО ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди.

Мұндай жазуларды тұрғын үйлерден де, аялдама павильондарынан да, гараждардан да кездестіруге болады. Акцияның бір күні ішінде студенттер осындай 100 астам мекенжайды бояды. «Біз, бүгін осы акцияға қатыстық. Бұл жазуларды үстінен боядық. Мұны біз, азаматтық борышымыз деп ойлаймын. Осы зұлымдықты түсіне бермейтін жақын туыстарымыз зардап шегуі мүмкін. Бүгін бізге полиция қызметкерлері адам айтқысыз қылықтарға итермелейтін осы есірткілер адамды мүгедек қылатыны және өлімге әкеп соқтыратыны жайлы әңгімелеп берді», - колледж студенті Данил Сапегин.

Бүгінде облыстық наркология орталығында 800-ге жуық есірткі тәуелді адамдар есепте тұр. 50 астам синтетикалық есірткілерді шамадан тыс қолдану фактісі анықталды. «Жазуларды бояу, осы іс жайлы ақпарат беру бейжай қарамайтын әрбір қала тұрғынының зұлымдыққа қарсы күресте қосқан зор үлесі болары анық. Әзірге, біз, таратушылармен осылай ғана күресе аламыз. Қазір синтетикалық есірткілермен қарсы күрес мәселесі заң жүзінде қаралуда», - деп атап өтті Иван Терзиди. Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық полицейлер бір жарым килограмм синтетикалық есірткі тәркіледі.

![СТУДЕНТТЕРІ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІЛЕРДІ ТАРАТУ БОЙЫНША ҒИМАРАТТАРҒА ЖАЗЫЛҒАН ЖАЗУЛАРДЫ БОЯУДА](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/2684fe8528f848571b856cd8633289.jpg)

![СТУДЕНТТЕРІ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІЛЕРДІ ТАРАТУ БОЙЫНША ҒИМАРАТТАРҒА ЖАЗЫЛҒАН ЖАЗУЛАРДЫ БОЯУДА](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/203a80a77b383cd2d0d37c13a64156.jpg)

![СТУДЕНТТЕРІ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІЛЕРДІ ТАРАТУ БОЙЫНША ҒИМАРАТТАРҒА ЖАЗЫЛҒАН ЖАЗУЛАРДЫ БОЯУДА](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/47f40824ba7539baadde707c014288.jpg)

Динара Сағындықова СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/post/studentteri-sintetikaly-esirtkilerdi-taratu-boyynsha-imarattar-a-zhazyl-an-zhazulardy-boyauda-820165](https://yvision.kz/post/studentteri-sintetikaly-esirtkilerdi-taratu-boyynsha-imarattar-a-zhazyl-an-zhazulardy-boyauda-820165)