---
title: "Стихи"
description: "Жүрек үні (2008ж) Өткізем бір сен деп, Күнім мен түнімді. Жүрегім, жүрдің көп, Шығармай үніңді. Ақ..."
author: "Shakenova"
published: "2013-07-15T01:49:33+00:00"
modified: "2013-10-03T06:43:41+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/stihi-363234"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/stihi-363234/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Стихи

> Жүрек үні (2008ж) Өткізем бір сен деп, Күнім мен түнімді. Жүрегім, жүрдің көп, Шығармай үніңді. Ақ...

**Жүрек үні** (2008ж)

Өткізем бір сен деп,

Күнім мен түнімді.

Жүрегім, жүрдің көп,

Шығармай үніңді.

 

Ақыры сырыңды,

Аштың ғой баршаға.

Жеткіздің сезімді,

Сен сол бір адамға.

![Стихи](https://storage.yvision.kz/images/user/shakenova/Jkwqq1JU4eF9c964ZBc62pvYiwmvYi.jpg)

**Сыр**

Айта алмаймын жүрек сырын жеткізіп,

Қалдырғандай сол сыр мәңгі бір сызық.

Айта алмаймын оны тілден өткізіп,

Кім білген дүние толы көп қызық.

 

Ұқтың-ау деймін, айтпас сырды өзің де,

Үндемейсің, үн қатпайсың сен неге?!

Сенен де сезем сол лебізді мен кейде,

Еркіндік жоқ, алайда, бұл сезімге..

---

Source: [https://yvision.kz/post/stihi-363234](https://yvision.kz/post/stihi-363234)