---
title: "СОЛТҮСТІКТЕ «МИГРАНТ» ЖПІШ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША 16 ШЕТЕЛДІК ЕЛ АУМАҒЫНАН ШЫҒАРЫЛДЫ"
description: "Талдау көрсеткендей, шетелдіктердің тарапынан жасалатын бұзушылықтардың негізгі бөлігі ел аумағына..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-01-23T10:42:26+00:00"
modified: "2019-01-23T10:42:26+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/solt-stikte-migrant-zhpish-n-tizhesi-boyynsha-16-sheteldik-el-auma-ynan-shy-aryldy-824428"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/solt-stikte-migrant-zhpish-n-tizhesi-boyynsha-16-sheteldik-el-auma-ynan-shy-aryldy-824428/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СОЛТҮСТІКТЕ «МИГРАНТ» ЖПІШ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША 16 ШЕТЕЛДІК ЕЛ АУМАҒЫНАН ШЫҒАРЫЛДЫ

> Талдау көрсеткендей, шетелдіктердің тарапынан жасалатын бұзушылықтардың негізгі бөлігі ел аумағына...

![СОЛТҮСТІКТЕ «МИГРАНТ» ЖПІШ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША 16 ШЕТЕЛДІК ЕЛ АУМАҒЫНАН ШЫҒАРЫЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/cd57cbb14840b67592a040478f78bb.jpg)

Талдау көрсеткендей, шетелдіктердің тарапынан жасалатын бұзушылықтардың негізгі бөлігі ел аумағына келу, онда болу мен шығу ережелерінің бұзушылықтары.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері Петропавл қаласындағы құрылыс объектілерінің бірінде заңсыз жолмен нәпақасын тауып жүрген Өзбекстан Республикасының 5 азаматын анықтады. Шетелдіктер Қазақстан аумағына қаңтар айының басында жеке мақсатпен келгенін айтып енген. Алайда, ақша таппақ болып, көші-қон заңнамасын бұзған. Нәтижесінде оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, олар әкімшілік қамауға алынды.

![СОЛТҮСТІКТЕ «МИГРАНТ» ЖПІШ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША 16 ШЕТЕЛДІК ЕЛ АУМАҒЫНАН ШЫҒАРЫЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/548630584916ecdce19aa37b74444f.jpg)

Іс-шара барысында құрылыс объектілерінен бөлек, тәртіп сақшылары базарлар мен сапаржайларды, шетелдіктердің топтасып қоныстанған орындарын тексерді. Рейдтік іс-шараның бес күнінде шетел азаматтарының еліміздің аумағында болу ережелерін бұзуының 259 фактісі анықталды. Облыс соттарының қаулылары бойынша ел аумағынан 16 шетелдік шығарылды.

СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция майоры Талғат Әбіловтің айтуынша, өткен жылы солтүстікқазақстандық сақшылар 5 жедел-профилактикалық іс-шара өткізген. Олардың үшеуі – республикалық көлемдегі іс-шаралар. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде үш мыңнан астам шетелдік азаматтар әкімшілік жауапткершілікке тартылды. Соттың шешімімен 189 шетелдік елден шығарылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз қолданған 100 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Сондай-ақ, 12 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік шекараны заңсыз жолмен кесу, ел аумағынан шығару туралы сот шешімін орындамау мен заңсыз көші-қон ұйымдастыру үшін 44 қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз көші-қонға қарсы жұмыстар жалғасуда.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/post/solt-stikte-migrant-zhpish-n-tizhesi-boyynsha-16-sheteldik-el-auma-ynan-shy-aryldy-824428](https://yvision.kz/post/solt-stikte-migrant-zhpish-n-tizhesi-boyynsha-16-sheteldik-el-auma-ynan-shy-aryldy-824428)