---
title: "СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯНЫҢ ӨҚБ БАСТЫҒЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЖҮГІНЕ АЛАДЫ"
description: "Полиция полковнигі Нұрлан Құрманов полицейлердің тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлық пен өзге де б..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-09-30T14:45:34+00:00"
modified: "2019-09-30T14:45:34+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/solt-stik-aza-standy-tar-oblysty-policiyany-b-basty-yna-leumettik-zhelilerde-zh-gine-alady-841599"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/solt-stik-aza-standy-tar-oblysty-policiyany-b-basty-yna-leumettik-zhelilerde-zh-gine-alady-841599/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯНЫҢ ӨҚБ БАСТЫҒЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЖҮГІНЕ АЛАДЫ

> Полиция полковнигі Нұрлан Құрманов полицейлердің тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлық пен өзге де б...

Полиция полковнигі Нұрлан Құрманов полицейлердің тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлық пен өзге де бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша облыстық полиция ведомствосында қабылданатын профилактикалық шаралар туралы әңгімеледі.

«Ашықтық. Айқындылық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» - ҰҚК СҚО бойынша департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, прокуратура және Полиция департаменті өкілдері жиналған «дөңгелек үстелде» талқыланған тақырып болды. Құқық қорғаушылардың басты міндеті – сыбайлас жемқорлық көріністерін жою бойынша бірлескен шараларды жасап шығару. «Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу екендігін атап өтті. Ол үшін мемлекет басшысы бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейтті, сондай-ақ бұған сарапшылар мен қоғам өкілдері де атсалысуының маңыздылығына ерекше назар аудартты», - деп атап өтті дөңгелек үстелдің жұмысын бастаған СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев.

Бүгінгі таңда солтүстікқазақстандық полицейлер 32 үкіметтік емес ұйымның өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауда. Облыстық ПД айтып өткендей, мемлекеттік қызмет көрсететін бөліністер мен басқармалардың негізгі полицейлерінің жұмысына қатысты цифрландыру да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға септігін тигізеді. Бұдан бөлек, бейнежетондар арқылы патрульдік полицияны қашықтықтан бақылауды енгізу жоспарланды. Бүгінгі күні СҚО патрульдік полицияның барлық экипажы бейнетіркегіштермен жарақталған. Сондай-ақ планшеттер белсенді қолданылуда, оның көмегімен электронды нысанда хаттамалар толтырылады.

«Халықпен диалог және адамдардың өтініштеріне жедел ден қою – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру кезіндегі басты басымдылық. Ашықтықтың тағы бір куәсі ІІМ тапсырмасы бойынша әлеуметтік желілердегі ашылған парақшалар», - деді Құрманов.

СҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасында 61-26-89 сенім телефоны жұмыс істейді, оған полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы хабарлауға болатындығын естеріңізге саламыз. Сонымен қатар, осындай сұрақтар бойынша ҚР ІІМ 1402 бірыңғай сенім телефонына хабарлауыңызға болады. Әлеуметтік желілерде СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевқа, /https://www.facebook.com/tulebayev.marat/, ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаевқа /https://www.facebook.com/qapez.dayletbaev.5/, ПД ӨҚБ бастығы полиция полковнигі Нұрлан Құрмановқа /https://www.facebook.com/profile.php?id=1000411417205.. жеке жүгінуге болады.

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯНЫҢ ӨҚБ БАСТЫҒЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЖҮГІНЕ АЛАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/95bbd10a264a5a65d2982057f68564.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯНЫҢ ӨҚБ БАСТЫҒЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЖҮГІНЕ АЛАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/c419ebc1cd7c64f99325cb7b8cbb6e.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯНЫҢ ӨҚБ БАСТЫҒЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЖҮГІНЕ АЛАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/914dae9ef0435681b8ba2ebc8ac1de.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯНЫҢ ӨҚБ БАСТЫҒЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЖҮГІНЕ АЛАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/683aade2d0052b0d430d847e734ccc.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯНЫҢ ӨҚБ БАСТЫҒЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЖҮГІНЕ АЛАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/d389792192faa84ccbd9747c850812.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯНЫҢ ӨҚБ БАСТЫҒЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЖҮГІНЕ АЛАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/ec0aefa8cb2ad173b5501fd5b302bb.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯНЫҢ ӨҚБ БАСТЫҒЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЖҮГІНЕ АЛАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/a923cb81fa2905a4de81fb5c4a4591.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/solt-stik-aza-standy-tar-oblysty-policiyany-b-basty-yna-leumettik-zhelilerde-zh-gine-alady-841599](https://yvision.kz/post/solt-stik-aza-standy-tar-oblysty-policiyany-b-basty-yna-leumettik-zhelilerde-zh-gine-alady-841599)