---
title: "СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ"
description: "«Петропавлдағы балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» ауыр науқасқа шалдыққан жүзден аст..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-03-21T03:23:55+00:00"
modified: "2019-03-23T14:15:28+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/solt-stik-aza-standy-policeyler-nauryz-meyramy-arsa-ynda-ayyrymdyly-is-sharalaryn-tkizude-828724"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/solt-stik-aza-standy-policeyler-nauryz-meyramy-arsa-ynda-ayyrymdyly-is-sharalaryn-tkizude-828724/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ

> «Петропавлдағы балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» ауыр науқасқа шалдыққан жүзден аст...

«Петропавлдағы балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» ауыр науқасқа шалдыққан жүзден астам бүлдіршін емделуде. Полицейлер мекемеге қажетті сыйлықтарын ала келді. СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қайрат Оразалин балалар мен қызметкерлерді көктем мерекесімен құттықтады, Департаменттің вокалдық тобы концерттік бағдарлама ұсынды.

«Бүгінгі біздің акциямыз – соңғы емес, бұдан әрі де жалғасын табатын болады. Қайырымдылық акциясы баршамыздың өмірлік мақсаттарымызды біріктіреді. Біз өмірлеріңіздің жарқын болуын қалаймыз», - деді полиция полковнигі.

Тәртіп сақшылары бас сұққан келесі пункт – Жұмысшы кентіндегі қарттар үйі. Осында тұрып жатқан отыз шақты зейнеткерге тәртіп сақшылары сыйлықтарымен, жылы лебіздерімен келді. Ал ең басты сыйлық – погон таққан әншілердің ықыласы мен шеберліктері болды. «Айтарым: сексен үш жылда осындай сезімге алғаш бөленіп отырмын. Ауруханаға жиналып жатқан едім, енді өлмеймін. Концерттің жалғасын тосамын», - дейді осында тұрып жатқан 83 жастағы Валя апай.

Бұл күні полицейлер Тайынша және Аққайың аудандарындағы қарттар мен мүгедектерге арналаған интернат-үйлерінде болды. Смирново ауылында Қайрат Оразалин биыл 100 жасқа толғалы отырған тыл еңбеккерін мерекемен құттықтап, гүл шоғын сыйлады. Мекемелерге тұрмыстық техника, ал тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй тарту етті. Департаменттің вокалдық тобы талай сахналарда өнер көрсетіп жүрсе де, дәл осы Наурыз мерекесіндегідей риза болған, балаша қуанған көрермен болған емес дейді.

Осы орайда, облыс орталығында Жамбыл ауданындағы аз қамтылған отбасыларынан 18 бала кинологтарда қонақта болды. Мамандар балаларды төрт аяқты көмекшілерінің жұмысымен таныстырып, қылмысқа қарсы күресте иттердің жасап жүрген еңбектері туралы айтып берді. Жалпы, кинологиялық қызмет орталығында жас солтүстікқазақстандықтарға танымдық экскурсиялар жиі өткізіліп тұрады. Бұл сапарды аудандық полиция бөлімінің бастығы ұйымдастырды. Қызметтік иттермен танысқан соң, балақайлар пониға мініп, серуендеді. Экскурсиядан кейін полицейлер балғындарды аквапаркке апарды.

«Біздің бөліністеріміздің өздері бастамашылық білдіргені қуантады», - дейді СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов. – Мәселен, Петропавл қ. Полиция басқармасының жас қызметкерлерінен құралған жасақ көмекке мұқтаж азаматтардың мекенжайларын өздігінен анықтады. Қаламыздың қарт тұрғыны жарақат алған соң ауласын қардан тазартуға қауқарсыз болып қалыпты. Жас қызметкерлер қолдарына күректерін алып, тез арада мекенжайға келіп ауланы қардан тазартты».

Берік Біләловтің айтуынша, тәртіп сақшылары көп жылдық тәжірибелерінің арқасында азаматтардың өмірі мен тұрмысынан хабардар. Сондықтан күнтізбедегі маңызды даталарды осы сияқты қайырымдылық шараларымен өткізуге тырысады.

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/c2a970a84c51522da112896f05144f.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/8826997ad03120cae3d745a50149c2.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/627532751b5e3010833bff514e1058.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/89ad8336d7ad25eb23cf499b4c0780.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/c879a75c141a6301fdceb571961b0d.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/d9eae44f0fb5912aad09f6ee507d54.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/41cd3e4dd5cef25c891780390550a5.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/dd0d64a4d22a5b9c588ff98723b509.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/b8aa77c9f50b927d31912a4b4cf53b.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/442e197ffa3eaf5a5ce4a3ab4c40ec.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/679aac2af4390de7427850884f9de6.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/a6b2b57177dcb0e04ccdfc150934f2.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/739d5bbf9ece72670b35fbc79e9fda.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/94eb68485fe1da8fbd17926201aa9b.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/a0b611938aacbcf43629e578a65d36.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/abe34916f7263a23d40989dc844edd.jpg)

![СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/17ca36b0ba237e9ddaf6a5344666ee.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/post/solt-stik-aza-standy-policeyler-nauryz-meyramy-arsa-ynda-ayyrymdyly-is-sharalaryn-tkizude-828724](https://yvision.kz/post/solt-stik-aza-standy-policeyler-nauryz-meyramy-arsa-ynda-ayyrymdyly-is-sharalaryn-tkizude-828724)