---
title: "СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ҮШІН ИННОВАЦИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ"
description: "Петропавлда 98 бағдаршам объектісі жұмыс істейді. Олардың ішінде 8 көше қиылысында тоқтаусыз қозға..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-01-17T07:10:35+00:00"
modified: "2019-01-17T07:10:35+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/solt-stik-aza-stan-oblysynda-zhol-oz-alysyn-yymdastyrudy-zhetildiru-shin-innovaciyalar-engizilude-823934"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/solt-stik-aza-stan-oblysynda-zhol-oz-alysyn-yymdastyrudy-zhetildiru-shin-innovaciyalar-engizilude-823934/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ҮШІН ИННОВАЦИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ

> Петропавлда 98 бағдаршам объектісі жұмыс істейді. Олардың ішінде 8 көше қиылысында тоқтаусыз қозға...

![СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ҮШІН ИННОВАЦИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/0990014069e50447073428471d563b.jpg)

Петропавлда 98 бағдаршам объектісі жұмыс істейді. Олардың ішінде 8 көше қиылысында тоқтаусыз қозғалысты қамтамасыз ету үшін қарсы бағыттағы және бағыттас көліктерді кезектеп өткізуге арналған фазалық бағдаршам қойылған. Жамбыл мен С. Мұқанов көшелерінің қиылысында «+» түріндегі алғашқы қызыл бағдаршам белгісі орнатылды және тұрғындар арасында аталған объектінің ерекшеліктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жол қозғалысының техникалық құралдарын қолдану жөніндегі жаңартылған стандартқа сәйкес орнатылған бұл жаңашылдық өз жұмысын жақсы жағынан көрсетті және үстіміздегі жылы да кеңінен енгізілетін болады.

«Жаяу жүргінші өткелі» мультимедиалық жол белгілерін орнату арқылы реттелмейтін 26 жаяу жүргінші өткеліне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Олардың 14-і күн батареялары арқылы жұмыс істейді. Жас өркен ауданындағы қауіпті бұрылыста орнатылған 1.31 «Бұрылыс бағыты» 2 жол белгісі мультимедиалық жол белгісіне алмастырылды.

СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Оспановтың айтуынша, елді мекендердегі көше-жол желісін дамыту бойынша инновациялық ұсыныстар көрсетілген 32 ақпарат облыс, Петропавл қаласы мен аудандардың әкімдіктеріне жіберілді. Облыс, Петропавл қаласы мен аудандардың әкімдіктерінің ТҮКШ-мен бірлесіп, «Дорсигнал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жол-көлік инфрақұрылымына талдау жүргізуде, қайта жаңартуға жататын объектілер анықталуда. 9 бағдаршам объектісінің құрылымы өзгертіліп, кері санау таймері қойылды.

Бағдаршамдардың жану уақытын көрсететін сандық таймерлер кептелістерді азайтып, жолдағы жағдайды жақсартуда.

Жамбыл мен Бөкетов, Әуезов пен Абай, Уәлиханов пен Хименко көшелерінің қиылыстары 3 оң бұрылыспен жабдықталған.

Облыс орталығының тұрғындарына қолайлы болуы үшін GPS байланыс арқылы реттелетін ақпараттық-электрондық 29 табло қойылды. Бұл таблолар аялдамаға қажетті қоғамдық көліктің қай уақытта келетінін көрсетіп тұрады.

2019 жылы жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында белсенді жол белгілерін орнату арқылы 12 реттелмейтін жаяу жүргінші өткелін қайта жаңарту, сондай-ақ 5 оң бұрылыс, «+» белгісін орнатумен байланысты 5 бағдаршам объектісін жаңғырту жоспарланған.

![СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ҮШІН ИННОВАЦИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/e58673bdb636e54e4bf7be55e13e69.jpg)

СҚО Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов облыстың барлық ірі елді мекендерінде жол қозғалысының қатысушыларына жайлы жағдай жасау үшін әкімшілік бөліністерді инновацияларды енгізуге бағыттады. Барлық осындай электрондық жаңашылдықтардың арқасында жол-көлік жағдайы жақсарды. Талдау көрсеткендей, Петропавл қаласының көшелерінде аталған құрылғыларды қолданған сәттен бастап, бұл учаскелерде жол-көлік оқиғалары тіркелмеді. Ал, бұл өз кезегінде апаттылық жағдайына әсер етіп, жол-көлік оқиғаларының санын 21,5%-ға азайтты.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/post/solt-stik-aza-stan-oblysynda-zhol-oz-alysyn-yymdastyrudy-zhetildiru-shin-innovaciyalar-engizilude-823934](https://yvision.kz/post/solt-stik-aza-stan-oblysynda-zhol-oz-alysyn-yymdastyrudy-zhetildiru-shin-innovaciyalar-engizilude-823934)