---
title: "Әскери оркестрлер парады"
description: "2014 жылғы 21-25 мамыр аралығында Астана қаласында әскери үрмелі оркестрлердің екінші халықаралық фе..."
author: "minoboronyRK"
published: "2014-05-11T22:25:43+00:00"
modified: "2014-05-11T22:25:43+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/skeri-orkestrler-parady-413091"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/skeri-orkestrler-parady-413091/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әскери оркестрлер парады

> 2014 жылғы 21-25 мамыр аралығында Астана қаласында әскери үрмелі оркестрлердің екінші халықаралық фе...

2014 жылғы 21-25 мамыр аралығында Астана қаласында әскери үрмелі оркестрлердің екінші халықаралық фестивалі өтеді.

Үрмелі оркестрлер фестивалі «KADEX-2014» үшінші халықаралық көрме аясында ұйымдастырылмақ. Оған ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, ҚР ҚМ Орталық әскери оркестрі, ҚР ІІМ Ұлттық гвардияның Орталық оркестрі, сондай-ақ Түркия, АҚШ және Францияның әскери оркестрлері қатысады.

Әскери оркестрлер «KADEX-2014» көрмесінде, Есіл өзені жағасында концерттік бағдарламалар қояды, Республика даңғылы бойында парад шеруін өткізеді. Сонымен қатар, үрмелі оркестрлер қала тұрғындары мен қонақтарының назарына «Tottoo show» бағдарламасын ұсынады.

 

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/post/skeri-orkestrler-parady-413091](https://yvision.kz/post/skeri-orkestrler-parady-413091)