---
title: "Өскеменде «Алтын шайба» жарысы басталады"
description: "Өскеменде «Жұлдызша-2014» дәстүрлі турнирі аясында балалар хоккейінің іріктеу сыны басталады. Жарыс..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-01-13T21:45:05+00:00"
modified: "2014-01-13T21:45:05+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/skemende-altyn-shayba-zharysy-bastalady-395473"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/skemende-altyn-shayba-zharysy-bastalady-395473/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өскеменде «Алтын шайба» жарысы басталады

> Өскеменде «Жұлдызша-2014» дәстүрлі турнирі аясында балалар хоккейінің іріктеу сыны басталады. Жарыс...

[!\[«Алтын шайба» жарысы\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/01/5582bfdfc6c7e6253e5c7f4344a845c1-300x200.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/01/5582bfdfc6c7e6253e5c7f4344a845c1.jpg)

Өскеменде «Жұлдызша-2014» дәстүрлі турнирі аясында балалар хоккейінің іріктеу сыны басталады.

Жарыс қаланың ашық хоккей алаңдарында өтеді. 22 қаңтарда ақтық сайыста 8 хоккей құрамасы бағын сынайды (3-4 сыныптар).

Ақпан айында мектепішілік шайбалы хоккей одағы шеңберінде 5-6 және 7-8 сынып оқушылары арасында бәсеке ұйымдастырылады. 17 ақпанда «Жастар» спартакиадасы аясында жоғары сынып оқушылары арасында «Жұлдызша-2014» дәстүрлі турнирі өтеді. Ал облыстық сайыс 20 наурыздан басталып 31 наурызға дейін жалғасады.

2013 жылы Өскеменде №11 және 24 мектептер жанынан 2 хоккей модулі ашылған болатын. Ағымдағы жылы балаларға арналған спорт түрлерін дамыту, жаңа спорттық, футбол және хоккей алаңдарының құрылыс жұмыстары жалғасады. Оның ішінде Защита шағынауданындағы хоккей модулі де бар.

---

Source: [https://yvision.kz/post/skemende-altyn-shayba-zharysy-bastalady-395473](https://yvision.kz/post/skemende-altyn-shayba-zharysy-bastalady-395473)