---
title: "Шымшымалар"
description: "Бар арман Жұмыр басты пендеңіз, Ішіп-жеуге жаралған. Сондықтан да жемқорлық, Қан тамырдай таралған. ..."
author: "Muxit"
published: "2016-12-02T09:52:50+00:00"
modified: "2016-12-02T09:53:52+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/shymshymalar-732868"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/shymshymalar-732868/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шымшымалар

> Бар арман Жұмыр басты пендеңіз, Ішіп-жеуге жаралған. Сондықтан да жемқорлық, Қан тамырдай таралған. ...

**Бар арман**

Жұмыр басты пендеңіз,

Ішіп-жеуге жаралған.

Сондықтан да жемқорлық,

Қан тамырдай таралған.

Қорықпайсыз ба дегенмен,

Құрылар деп тор алдан?

Оны ойлауға уақыт жоқ,

Молырақ қарпу бар арман.

 

**Бірте-бірте**

Ішіп алып атасының қорасына түскен-ді,

Сөйтіп әлгі бірте- бірте іштенді.

 

**Қайқайды**

– Ұрлық жасап байығанды көрмедім.

Ал өзіңіз...

– Өй, ант атқыр...

Бар болғаны ермегім.

 

**Қол бұлғады**

** ![](https://storage.yvision.kz/images/user/muxit/ik8bbXk8HNOw5eV5ze1M9YS9OZr602.jpg) **

« Сұмырай келсе, су құриды» деуші еді,

Соның шынға айналғаны-ау бұл-дағы.

Әрбір үйге су беретін құбырлар,

Қыс түспей-ақ «құрғады».

Сұғанақтар қаражатты жымқырған,

Көп кешікпей түрмеден қол бұлғады.

 

Сүлеймен Баязитов

---

Source: [https://yvision.kz/post/shymshymalar-732868](https://yvision.kz/post/shymshymalar-732868)