---
title: "Широка река"
description: "3-4 октября 2016 года в г. Астана состоялся XIII Форум межрегионального сотрудничества Казахстана и..."
author: "minenergo"
published: "2016-10-05T07:29:49+00:00"
modified: "2016-10-05T07:29:49+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/shiroka-reka-716201"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/shiroka-reka-716201/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Широка река

> 3-4 октября 2016 года в г. Астана состоялся XIII Форум межрегионального сотрудничества Казахстана и...

3-4 октября 2016 года в г. Астана состоялся XIII Форум межрегионального сотрудничества Казахстана и России с участием глав государств Республики Казахстан и Российской Федерации.

В рамках Форума между правительствами Казахстана и России было подписано Соглашение по сохранению экосистемы бассейна трансграничной реки Урал.

Согласно подписанному двустороннему соглашению стороны договорились в дальнейшем развивать и укреплять долгосрочное сотрудничество и стратегическое партнерство в урегулировании вопросов сохранения экосистемы бассейна трансграничной реки Урал.

Сотрудничество будет осуществляться по следующим направлениям:
- подготовка совместных действий и планов мероприятий по улучшению экосистемы бассейна и предотвращению трансграничного загрязнения реки Урал;
- содействие применению новых технологий в области сохранения экосистемы бассейна трансграничной реки Урал;
- содействие сотрудничеству научно-исследовательских организаций и общественных объединений в области сохранения экосистемы бассейна трансграничной реки Урал;
- подготовка предложений по сохранению животного мира бассейна трансграничной реки Урал, включая копытных животных, водоплавающих птиц и рыб;
- подготовка предложений по борьбе с незаконными вырубками леса, вредителями и болезнями леса и лесными пожарами в пойменной части трансграничной реки Урал;
- содействие в организации мероприятий по увеличению лесистости бассейна трансграничной реки Урал;
- информирование в соответствии с законодательством государств Сторон общественности о мерах по сохранению экосистемы бассейна трансграничной реки Урал;
- подготовка предложений по адаптации экосистемы бассейна трансграничной реки Урал к изменению климата;
- содействие в организации мероприятий по снижению нагрузки загрязнения экосистемы трансграничной реки Урал как из точечных источников, так и диффузных источников;
- обмен информацией о состоянии экосистемы бассейна трансграничной реки Урал и создание Сторонами механизма принятия совместных мер по ликвидации и сокращению трансграничного воздействия в бассейне трансграничной реки Урал при возникновении чрезвычайных ситуаций, а также иные сферы сотрудничества, представляющие взаимный интерес.

Компетентными органами Сторон по реализации Соглашения являются:

Министерство энергетики Республики Казахстан и Министерство природных ресурсов и экологии Российской Федерации.

Также в целях координации и реализации Соглашения стороны приняли решение о создании Казахстанско-Российской Комиссии по сохранению экосистемы бассейна трансграничной реки Урал. Комиссия будет работать под руководством двух сопредседателей, назначаемых Сторонами, а состав Комиссии будет определяться сопредседателями исходя из принципа равного представительства Сторон. Заседания Комиссии будут проводиться не реже одного раза в год.

Пресс-служба МЭ РК

Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі келісімге қол қойылды

2016 жылдың 3-4 қазанында Астана қ. Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтасытығының XIII Форумы болып өтті.

Форум шеңберінде Қазақстан және Ресей үкіметтері арасында Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі келісімге қол қойылды.

Қол қойылған екіжақты Келісімге сәйкес тараптар Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау саласындағы мәселелерді реттеудегі стратегиялық әріптестік қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға келісті.

Тараптар төмендегі бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады:
- Жайық өзені және бассейнінің экожүйесін жақсарту трансшекаралық ластануын болдырмау жөніндегі бірлескен әрекеттерді және іс-шаралар жоспарын дайындау;
- Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау саласында жаңа технологиялар қолдануға ықпал ету;
- Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау саласында ғылыми-зерттеу ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктер ынтымақтыстығына ықпал ету;
- Тұяқты жануарларды, суда жүзетін балық пен құстарды қоса алғанда, Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің жануарлар әлемін сақтау бойынша ұсыныстар дайындау;
- Жайық трансшекаралық өзенінің алқаптық бөлігінде заңсыз орман шабу, орман зиянкестері мен аурулары және ормандардың өртенуімен күресу жөнінде ұсыныстар дайындау;
- Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің орманды өңірін көбейту жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруға ықпал ету;
- Жайық трансшекаралық өзен бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі шаралар туралы Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жұртшылықты хабардар ету;
- Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін климаттың өзгеруіне бейімдеу жөнінде ұсыныстарды дайындау;
- Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін нүктелік көздерден, сол сияқты диффуздық көздерден, ластау жүктемесін азайту жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруға ықпал ету;
- Жайық трансшекаралық өзені бассейні экожүйесінің жай-күйі туралы ақпарат алмасу және Жайық трансшекаралық өзенінің бассейнінде төтенше жағдайлар туындаған кезде оның трансшекаралық әсерін жою мен азайту жөніндегі Тараптардың бірлескен шараларды қабылдау тетігін жасау, сондай-ақ басқа да қызығушылық тудыратын салалардағы өзара ынтымақтастық.

Келісімді іске асыру бойынша Тараптардың құзыретті органдары: Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрлігі болып табылады.

Сонымен қатар бұдан әрі Келісімді үйлестіру және іске асыру мақсатында Тараптар Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясын құрады. Комиссия Тараптар тағайындайтын екі тең төрағаның басшылығымен жұмыс істейді, Комиссияның құрамын Тараптардың тең өкілеттілігі қағидаты негізінде тең төрағалар анықтайды. Комиссия отырыстары жылына бір рет өткізілетін болады.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/shiroka-reka-716201](https://yvision.kz/post/shiroka-reka-716201)