---
title: "Шеврон журналистерге семинар өткізді"
description: "Жақында Алматыдағы Қазақстан пресс клуб аудиториясында \"Қазақстан мұнайы мен газы: саланың даму перспективалары мен шолуы»,семинары өтт..."
author: "Burkhanova"
published: "2024-12-23T07:06:41+00:00"
modified: "2024-12-23T07:06:41+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/shevron-zhurnalisterge-seminar-otkizdi-1011316"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/shevron-zhurnalisterge-seminar-otkizdi-1011316/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шеврон журналистерге семинар өткізді

> Жақында Алматыдағы Қазақстан пресс клуб аудиториясында "Қазақстан мұнайы мен газы: саланың даму перспективалары мен шолуы»,семинары өтт...

Жақында Алматыдағы Қазақстан пресс клуб аудиториясында "Қазақстан мұнайы мен газы: саланың даму перспективалары мен шолуы»,семинары өтті. Жоба “Шеврон” компанияның серіктестігімен жүзеге асты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/493db1d9e9ff7fc3e5bb7462d3be064e.jpg?width=213&height=237)

Шарада **Energy Monitor қоғамдық қорының директоры Жұмағұлов **Қазақстандағы мұнай-газ өндіру динамикасы, отандық мұнай-газ нарығындағы экспорттық маршруттары мен баға саясаты, Мұнай-газ компанияларының салық саясаты туралы айтты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/bb02e4a83e763f38873becb783795434.webp?width=1357&height=927)

Мұнай шығару – Қазақстан экономикасы үшін маңызға ие. 1990 жылдан бастап күні бүгінге дейін елімізде 2 млрд-қа жуық яғни 1,94 млрд тонна мұнай шығарылған. Қызығы, мұнай бағасы 68-70 долларға төмендеген 2018-2019 жылдары ең көп өндірген екен. Қазір жер қойнауында әлі 4 млрд тоннаға жуық қара алтын бар.

«Негізінде, 2 млрд деген – көлемді сома. Біздің қорда шамамен 4 млрд тонна қалды. Бірақ болашақта барлау жұмысы жүріп, кен орындарын анықтайды, мұнай бізге әлі бірнеше ондаған жылға жетеді деп сенеміз», – дейді Нұрлан Жұмағұлов.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/368ae2da36af8ab204590815473809c1.webp?width=960&height=600)

**Energy Monitor қоғамдық қорының директоры Жұмағұлов **

Соңғы бес жылдағы деректерді талдайтын болса, Қазақстан мұнайының басым бөлігі Ақтөбе, Қызылорда, БҚО, Атырау және Маңғыстау облыстарында шоғырланған. Оның ішінде қара алтынның күре тамыры – Атырауда. Елде өндірілетін барлық мұнайдың 56%-ы сол жерден шығады. Одан кейін мұнайдың ең көп бөлігі Маңғыстау мен БҚО-да бар. Жұмағұловтың сөзінше, Қызылордадағы мұнай өндірісі соңғы 12 жылда 3 есе азайып кеткен. Бірақ қазір өңірге стимул беріп, мұнай-сервис компаниялары жұмыссыз қалмас үшін «Қазмұнайгаз» 5-7 мың метр тереңдікте бұрғылаумен айналысып жатыр.

---

Source: [https://yvision.kz/post/shevron-zhurnalisterge-seminar-otkizdi-1011316](https://yvision.kz/post/shevron-zhurnalisterge-seminar-otkizdi-1011316)