---
title: "Шеркес геноциді"
description: "Белгісіз суретшінің картинасы, картина Новороссийск түбіндегі шеркестердің лагері деп аталады. 1860 жылдар, сурет Эрмитажда сақталған. Су?..."
author: "Fvfylsr"
published: "2026-05-22T07:17:12+00:00"
modified: "2026-05-22T07:17:12+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/sherkes-genocidi-1020964"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/sherkes-genocidi-1020964/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шеркес геноциді

> Белгісіз суретшінің картинасы, картина Новороссийск түбіндегі шеркестердің лагері деп аталады. 1860 жылдар, сурет Эрмитажда сақталған. Су?...

![Шеркес геноциді](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/b3d006068b39027ec5d0928d8c4c4bce.jpg?width=1280&height=918)

Белгісіз суретшінің картинасы, картина Новороссийск түбіндегі шеркестердің лагері деп аталады. 1860 жылдар, сурет Эрмитажда сақталған. Суретте байқағандай кемелерге отыруға жанталасып жатқан шеркестерді көруге болады, ал, жағалауда өлім құшқан адамдар жатыр.Жалпы, шеркестердің өз атамекендерінен қашуы туралы көп айтылмайды. 21 мамыр күні, дәлірек айтсақ 1864 жылғы 21 мамырдан бастап шеркес халықтары өз ауылдарынан күштеп көшіріле бастады. Орыс патшалығы, одан соң Ресей империясы 1556 жылдан бастап шеркестермен соғыс бастап, шеркестердің өз туған жеріндегі 90 проценті қырғынға ұшырып, тірі қалғандары Осман империясы аумағына қашуға мәжбүр болды. Өлім-жітімге ұшырағандардың санын ғалымдар жарты миллион десе, тағы бір жарым миллионы мұхаджирге айналды. Сөйтіп, шеркестер өз жеріне, өз туған елінде геноцидке ұшырып, ұлттық азшылыққа айналды. Тіпті шеркестердің кейбір тайпалары жер бетінен мәңгі жойылып кетті. [#Шеркестер](https://www.facebook.com/hashtag/%D1%88%D0%B5%D1%80%D0%BA%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%80?__cft__[0]=AZamXKwtLb30HQoxzaxAWUGfXPvwKNaN5TnsW4YPsLCOItKU8_bbs-O6J7VyvVApBuDS0bJnWN-cTn6oAfxDlg2HJBN0CRSjgvpi4oxifi-yMJVN1grlj4JBO6V2b0kbQd_ZgVH5TA2_lRzdDzvEQi8r8f8LLl4IYt_FEsFH0RBFgKm_q6yd5j3MqadR3QBiYFw&__tn__=*NK-R) [#Геноцид](https://www.facebook.com/hashtag/%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D1%86%D0%B8%D0%B4?__cft__[0]=AZamXKwtLb30HQoxzaxAWUGfXPvwKNaN5TnsW4YPsLCOItKU8_bbs-O6J7VyvVApBuDS0bJnWN-cTn6oAfxDlg2HJBN0CRSjgvpi4oxifi-yMJVN1grlj4JBO6V2b0kbQd_ZgVH5TA2_lRzdDzvEQi8r8f8LLl4IYt_FEsFH0RBFgKm_q6yd5j3MqadR3QBiYFw&__tn__=*NK-R) #[Amandyq Amirkhamzin](https://www.facebook.com/amandiq.amirkhamzin?__cft__[0]=AZamXKwtLb30HQoxzaxAWUGfXPvwKNaN5TnsW4YPsLCOItKU8_bbs-O6J7VyvVApBuDS0bJnWN-cTn6oAfxDlg2HJBN0CRSjgvpi4oxifi-yMJVN1grlj4JBO6V2b0kbQd_ZgVH5TA2_lRzdDzvEQi8r8f8LLl4IYt_FEsFH0RBFgKm_q6yd5j3MqadR3QBiYFw&__tn__=-]K-R)

---

Source: [https://yvision.kz/post/sherkes-genocidi-1020964](https://yvision.kz/post/sherkes-genocidi-1020964)