---
title: "ШАРДАРА: АРДАГЕРЛЕР АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ"
description: "Шардара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына..."
author: "shardara.nurotan.kz"
published: "2021-02-16T03:20:46+00:00"
modified: "2021-02-16T03:20:46+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/shardara-ardagerler-al-ys-a-b-lendi-922638"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/shardara-ardagerler-al-ys-a-b-lendi-922638/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ШАРДАРА: АРДАГЕРЛЕР АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ

> Шардара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына...

Шардара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл және Қазақстан Республикасы жеке құрама атқыштар батальоны қатысқан Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығыстардың аяқталуына 20 жыл толуына орай, салтанатты жиын өтті.

Жиында, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Р.Бекмуратов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов, Шардара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Е.Жұманов және Ауған соғысы мен Тәжік-Ауған шекарасындағы соғысқа қатысқан бірқатар ардагерлер қатысты.

Салтанатты шарада ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Е.Жұманов Ауған соғысы мен Тәжік- Ауған шекарасындағы болған қақтығыстар жайында қысқаша баяндама жасады.

Сондай-ақ,сұрапыл соғыстарға қатысып, ерлік көрсеткен ардагерлеріміздің жанкешті істерін тілге тиек етіп, өскелең ұрпаққа патриоттық тұрғыдан сарқылмас өнеге екендігін атап өтті. Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев ардагерлерге бейбіт күн үшін ыстық ықыласын білдіріп, арнайы

аудан әкімінің атынан Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысқан ардагерлер кеңесінің төрағасы мен басқа да ардагерлерге Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Р.Бекмұратовта құттықтау сөз сөйлеп, бірнеше соғыс ардагерлеріне бағалы сыйлықтар табыс етті.

Оған қоса, Е.Жұманов Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Нұрмахан Бексейітұлының атынан ардагерлерді құттықтап, аудандағы Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы М.Жұмалиев Алғыс хат тапсырды.

Жиын соңында сөз алған Ауған соғысы ардагерлер ұйымының төрағасы М. Жұмалиев және Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысқан ардагерлер ұйымының төрағасы Қосаев Дәндібай, қызыл жұлдыз орденінің иегері Сапарғали Мырзахметов салтанатты шараны ұйымдастырушыларға, аудан әкімдігінің басшылығына және қорғаныс істері жөніндегі бөлім ұжымына ризашылықтарын жеткізіп, алғыстарын айтты.

Қазіргі таңда Шардара ауданында 37 Ауған соғысының және 24 Тәжік-Ауған шекарасындағы соғысқа қатысқан ардагер тұрады.

(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/shardara-ardagerler-al-ys-a-b-lendi-922638](https://yvision.kz/post/shardara-ardagerler-al-ys-a-b-lendi-922638)