---
title: "Шәкәрім оқулары"
description: "Бүгін 5 наурыз күні Қостанай қаласының облыстық Ы. Алтынсарин ат. балалар мен жасөспірімдер кітапханасында III Республикалық «Шәкәрім оқу?..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2025-03-07T09:02:24+00:00"
modified: "2025-03-07T09:02:24+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/shakarim-okulary-1012874"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/shakarim-okulary-1012874/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Шәкәрім оқулары

> Бүгін 5 наурыз күні Қостанай қаласының облыстық Ы. Алтынсарин ат. балалар мен жасөспірімдер кітапханасында III Республикалық «Шәкәрім оқу?...

Бүгін 5 наурыз күні Қостанай қаласының облыстық Ы. Алтынсарин ат. балалар мен жасөспірімдер кітапханасында III Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты:
- Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу;
- Шәкәрім шығарашылығындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиеттерді, адами құндылықтарды насихаттау.

Байқаудың нәтижесінде келесі қатысушылар жүлделі орындарды иеленді:

3-орын

Асылбек Қырмызы – Жангелді ауданы

2-орын

Берікбай Аида – Қостанай қаласы

1-орын

Қапез Мейірлан – Арқалық қаласы

Бас жүлде

Тұрысбек Сәния – Амангелді ауданы

Жеңімпаздар дипломдермен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бас жүлде жеңімпазы 27 наурызда Астана қаласында өтетін байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Байқаудың демеушілері: “АМАNАТ” партиясының Қостанай облыстық филиалы, COPY PRINT.KZ компаниясы, ТОО УРОмед, Pozitiv полиграфия студиясы және Детки-конфетки ойыншықтар дүкені.

@uromed_kostanay

@pozitivkst

@amanat_kostanay_oblysy

@detki_konfetki_kostanay

@copyprint.kz10

@akademiyalik_kitapkhana

---

Source: [https://yvision.kz/post/shakarim-okulary-1012874](https://yvision.kz/post/shakarim-okulary-1012874)