---
title: "СЕРПІНДІ ДАМУҒА БЕТБҰРЫС"
description: "Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы р..."
author: "dvdkzokz"
published: "2014-12-03T05:32:43+00:00"
modified: "2014-12-03T05:33:04+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/serpindi-damu-a-betb-rys-445083"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/serpindi-damu-a-betb-rys-445083/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СЕРПІНДІ ДАМУҒА БЕТБҰРЫС

> Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы р...

![СЕРПІНДІ ДАМУҒА БЕТБҰРЫС](https://storage.yvision.kz/images/user/dvdkzokz/4U587XGJ6nN77eX83694aHDYKiv8r6.jpg)

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы республиканың барлық еңбек ұжымдарында, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, әскери бөлімдер мен мектептерде, зейнеткерлер мен оралмандар арасында, тіпті шетелдерде де қызу талқылануда. Жолдауды түсіндіру, халықты ақпараттандыру мақсатында Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінде де көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі –Жолдаудың басым бағыттарын жеке құрамға жеткізіп, түсіндіру үшін арнайы ақпараттық топтың құрылуы.

Қызылорда ОІІД-мен құрылған топ мүшелері 2014 жылдың 24-26 қарашасы аралығында барлық аудандарда болып, аудандық ішкі істер бөлімдері қызметкерлері мен ардагерлеріне жолдау туралы, Елбасының биылғы Жолдауының ерекшеліктері, бағыттары туралы түсіндіре келіп, алдағы міндеттерді жүзеге асырудағы полиция қызметкерлерінің міндеттері жайлы пікір алысты. Бұл тарихи жолдаудың халық үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы үшін, мемлекеттің 2017 жылға дейінгі даму бағытын және қазақстандықтардың көкейтесті проблемаларын шешуде маңызы зор екендігі атап өтілді.

Сондай-ақ, кездесу барысында Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Республика Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ОІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің редакторы Алдажар Әбілов Елбасы жолдауы туралы «Нұрлы жол – болашақ бағдары» атты баяндама жасап, ОІІД Оқу орталығы бастығының орынбасары полиция полковнигі О.Асылбаевтың Жолдаудан туындар міндеттер, тапсырмалар жайы қамтылған баяндамасы тыңдалды.

Сыр бойы сақшылары мен сала ардагерлері Елбасы жолдауын қызу қуаттауда.

 

**Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/post/serpindi-damu-a-betb-rys-445083](https://yvision.kz/post/serpindi-damu-a-betb-rys-445083)