---
title: "Семей жаңа әкімін таңдады: Әділет Қожанбаев алғашқы тікелей сайлауда жеңіске жетті"
description: "Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлжан Қуаныш..."
author: "MarkSeveryanin"
published: "2025-10-14T11:53:31+00:00"
modified: "2025-10-14T11:58:55+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/semey-zhana-akimin-tandady-adilet-kozhanbaev-algashky-tikeley-saylauda-zheniske-zhetti-1017824"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/semey-zhana-akimin-tandady-adilet-kozhanbaev-algashky-tikeley-saylauda-zheniske-zhetti-1017824/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Семей жаңа әкімін таңдады: Әділет Қожанбаев алғашқы тікелей сайлауда жеңіске жетті

> Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлжан Қуаныш...

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлжан Қуанышева сайлау барысы мен қорытындысы туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, дауыс беруге 118 мыңнан астам тұрғын қатысып, бұл жалпы сайлаушылардың 53,7 %-ын құрады.

![Семей жаңа әкімін таңдады: Әділет Қожанбаев алғашқы тікелей сайлауда жеңіске жетті](https://storage.yvision.kz/images/user/441175/45e2d7e89bcfb81ae09f076808699fb8.jpg?width=1024&height=1024)

2025 жылғы 12 қазанда Семей қаласында алғашқы тікелей әкім сайлауы өтті. Сайлау күні қалада барлығы 129 сайлау комиссиясы жұмыс істеді: 1 аумақтық және 128 учаскелік. Сайлаушылар тізіміне 220 761 адам енгізілді.Қалалар мен аудандар әкімдерін тікелей сайлау тетігі **Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен** кезең-кезеңімен енгізілуде. Мемлекет басшысы өз Жолдауында: *«Әкім халыққа есеп беріп, оның сенімін ақтауы керек»*, – деп атап өткен болатын. Бұл сайлау жергілікті өзін-өзі басқарудың ашық әрі жауапты жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.– Үйден тыс дауыс бергендер – 2 548 адам, олардың ішінде 459-ы – мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2 482, «Барлығына қарсымын» дегенді таңдағандар – 4 310 адам. Жалпы жарамды бюллетеньдер саны – 111 761, – деді Семей қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы **Гүлжан Қуанышева**.

![Семей жаңа әкімін таңдады: Әділет Қожанбаев алғашқы тікелей сайлауда жеңіске жетті](https://storage.yvision.kz/images/user/441175/ef1008e09c0d021a6f591ec60dec6f7c.jpg?width=1280&height=853)

Сайлау нәтижесі бойынша:
- **Әділет Қожанбаев** — 89 441 дауыс (77,1 %);
- **Қаныш Төлеуов** — 12 557 дауыс (10,8 %);
- **Айболат Бекжасаров** — 9 763 дауыс (8,4 %). – Учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкес, Семей қалалық аумақтық сайлау комиссиясы 1980 жылы туған, Көкпекті ауылында тұратын және Көкпекті ауданының әкімі қызметін атқарған Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаевты Семей қаласының әкімі ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады, – деді Қуанышева.

---

Source: [https://yvision.kz/post/semey-zhana-akimin-tandady-adilet-kozhanbaev-algashky-tikeley-saylauda-zheniske-zhetti-1017824](https://yvision.kz/post/semey-zhana-akimin-tandady-adilet-kozhanbaev-algashky-tikeley-saylauda-zheniske-zhetti-1017824)