---
title: "САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 25 ІРІ КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН"
description: "«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Төрағасы Алтынсары Үмбеталиев әлеуметтік желідегі же..."
author: "abubakir00"
published: "2023-01-31T10:10:31+00:00"
modified: "2023-01-31T10:10:31+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/saylaualdy-ba-darlama-ayasynda-25-iri-k-siporyn-iske-osyl-an-983225"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/saylaualdy-ba-darlama-ayasynda-25-iri-k-siporyn-iske-osyl-an-983225/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 25 ІРІ КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

> «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Төрағасы Алтынсары Үмбеталиев әлеуметтік желідегі же...

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Төрағасы Алтынсары Үмбеталиев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстарға байланысты мәлімдеме жасады. Төрағаның айтуынша, өңірде халық тұрмысын жақсарту үшін жасалған тындырымды тірліктер саны артып келеді. Мәселен, 2021-2022 жылдары Жол карта аясында жалпы 3510 іс-шара орындалу жоспарланған. Нәтижесінде 1,7 млн.ш.м. тұрғын үй, 65 мектеп, тәулігіне 550 адамға қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар 5 медициналық нысан, 5 ірі спорт нысаны ел игілігіне пайдалануға беріліп, 117,5 мыңнан астам адам жұмыс орындарына орналастырылды. Сонымен қатар,шамамен 30 млрд. теңгеге инвестициялар тартумен 25 ірі кәсіпорын іске қосылып отыр.

Облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне 39 597 арыз-өтініш келіп түссе, оның 24811 оң шешіліп, 14 786 талап-тілекке кеңестер мен түсіндірмелер берілген. Қоғамдық қабылдауға келіп түскен мәселелердің басым бөлігі, әлеуметтік мұқтаждық, жұмысқа орналасу, еңбек даулары, тұрғын үй-коммуналдық, денсаулық және білім саласына қатысты болған.

Ал 2022 жылдың 15 наурызында бастау алған мобильді қоғамдық қабылдау бойынша да оңтайлы шешімін тапқан мәселелер саны да артып келетіндігін жеткізді. Оның сөзінше өңірдің 15 ауданының 70 шалғай елді мекенінде аталған қабылдаулар өткізіліп, бұдан өзге 222 елді мекен тұрғындарының өтініштері тыңдалған. Мобильді қоғамдық қабылдауда хаттама негізінде 949 арыз-шағымдар келіп түссе, 369 өтініш оң шешіліп, 567-не заңгерлік кеңес берілген.

Партиялық жобаларға байланысты атқарылған жұмыстар халық сенімін күшейтуде дейді. Мәселен, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында, 501 нысан бейімдеуден өткізіліп, ел игілігіне қызмет жасауда. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы негізінде 367 іс-шара мен рейд өткізіліп, оған 1385 адам қамтылса, «Ulttuq mura» жобасы аясында көпшіліктің алғысына бөленген 2 республикалық, 1 облыстық ақындар айтысы өткізілген.

Сондай-ақ «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша да 2679 адамға көмек көрсетіліп, оның ішінде 66 азаматқа тұрғын үй кілті табысталса, 90 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал 230 тұрғын ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, 2293 азаматқа азық-түлік, киім-кешек, және т.б материалдық көмектер көрсетілді. Сонымен қатар, демеушілер тарапынан да 1042 отбасыға түрлі деңгейдегі көмектер ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, партиялық бақылау комиссиясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында 20 отырыс өткізіліп, 142 ұсыныс берілген. Қорытындысы бойынша барлығы орындалған.

Ал «Жер аманаты» жобасы бойынша комиссиясы құрылып, 2022 жылы ортақ жайылым көлемін 1 012,0 мың га. ұлғайту жоспары әзірленді. Нәтижесінде партияның ықпалымен ауылдағы тұрғындарға 1 034,8 мың га. ортақ жайылым қайтарылғандығын мәлімдеп, алдағы уақытта аталған жоба өз жалғасын табатындығын жеткізді.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында өткен 3 күндік семинарға 181 ауылдық округ әкімдері қатысқан. Партиялық жоба аясында құрылған ақпараттық-насихат топ 11-19 тамыз аралығында 32 ауылда тұрғындармен кездесу өткізілген.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сәйкес Түркістан облысының 6 ауылдық округі жобаға қатысуда. Жоба 2023 жылы толықтай іске қосылады. Облысқа бөлінген қаржының соммасы - 11 млрд. теңге. Орташа несие соммасы 5 млн. теңге. Несие алушылардың саны 2200 адам. Осыған әйкес, қосымша 14 млрд. тг сұратылғандығын айтты. Алтынсары Дүйсенбекұлы саяси ұйымның өңірлік филиалы аталған жұмыстар жаңашыл бағыттарда жалғасын табады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/saylaualdy-ba-darlama-ayasynda-25-iri-k-siporyn-iske-osyl-an-983225](https://yvision.kz/post/saylaualdy-ba-darlama-ayasynda-25-iri-k-siporyn-iske-osyl-an-983225)