---
title: "саяси коммуникация"
description: "Саяси коммуникация - саяси субъектілердің ақпарат алмасу мен тікелей қатынасының, ой-идеялармен, мәл..."
author: "abdi_inka_01"
published: "2012-03-05T02:04:31+00:00"
modified: "2012-03-05T02:04:31+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/sayasi-kommunikaciya-238113"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/sayasi-kommunikaciya-238113/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# саяси коммуникация

> Саяси коммуникация - саяси субъектілердің ақпарат алмасу мен тікелей қатынасының, ой-идеялармен, мәл...

**Саяси коммуникация** - саяси субъектілердің ақпарат алмасу мен тікелей қатынасының, ой-идеялармен, мәліметтермен бөлісу негізіндегі өзара қарым-қатынас үрдісі; қандай да бір саяси мазмұнды бір санадан екінші санаға белгілеу, қандай да бір [материалдар](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%B0%D0%BB) көмегімен немесе [виртуалды](http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%92%D0%B8%D1%80%D1%82%D1%83%D0%B0%D0%BB&action=edit&redlink=1) түрде беру; саяси құрылым мен ондағы байланыстырушы қызметті орындауды білдіретін саяси үрдіс; [коммуникатордың](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D0%BC%D0%BC%D1%83%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%82%D0%BE%D1%80) саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін адамдардың [мінез-құлқы](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D1%96%D0%BD%D0%B5%D0%B7-%D2%9B%D2%B1%D0%BB%D1%8B%D2%9B) мен саяси санасын өзгертуге ұмтылатын ерекше ақпараттық-психологиялық ықпал ету.

Жеке тұлға ішіндегі саяси коммуникация қарапайым өзіндік білім алудан көрініс табады. Бұл - газет оқу, [теледидар](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%B8%D0%B4%D0%B0%D1%80) көру, [радиодан](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%BE) бағдарламалар тыңдау, т.б.

Жеке түлғалар арасындағы саяси коммуникация біріккен қызметте әріптестердің бар екенін білдіреді. Бір [әріптес](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D1%80%D1%96%D0%BF%D1%82%D0%B5%D1%81) [коммуникатор](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D0%BC%D0%BC%D1%83%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%82%D0%BE%D1%80) қызметін орындаса, қалғандар коммуникация объектісі болады.

Топ ішіндегі саяси коммуникация негізгі қызметтердің нақты бөлінуін білдіреді. Мысалы, топ болып саяси ақпаратты тындау, партиялық жиналыс, т.б. Барлығында коммуникатор, [аудитория](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%83%D0%B4%D0%B8%D1%82%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F) және олардың арасындағы қарым-қатынас үрдістерінен түрады.

Топ аралық саяси коммуникация әр түрлі топтар арасындағы формальды және формальды емес араласу тәсілдерін білдіреді. Формальды [вариантта](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%B0%D1%80%D0%B8%D0%B0%D0%BD%D1%82) даулы мәселені шешу мақсатындағы арнайы ұйымдастырылған [келіссөздер](http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9A%D0%B5%D0%BB%D1%96%D1%81%D1%81%D3%A9%D0%B7&action=edit&redlink=1). Формальды емес вариантта топтар арасындағы қатынастарды бекітуге бағытталған белсенді өзара қарым-қатынас.

Бұқаралық саяси коммуникация бұқаралық сана мен мінез-құлыққа ықпал ету құралы. Ол арнайы бүқаралық ақпарат құралдарымен және арнайы заңдармен жүзеге асырылады. Оған саяси [жарнама](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D1%80%D0%BD%D0%B0%D0%BC%D0%B0), саяси [үгіт-насихат](http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%AE%D0%B3%D1%96%D1%82-%D0%BD%D0%B0%D1%81%D0%B8%D1%85%D0%B0%D1%82&action=edit&redlink=1) жатады.

---

Source: [https://yvision.kz/post/sayasi-kommunikaciya-238113](https://yvision.kz/post/sayasi-kommunikaciya-238113)