---
title: "САРСАҢҒА САЛҒАН ЖАУАПСЫЗ МЕРДІГЕРЛЕР."
description: "Бұдан бұрын жазылғандай, ағымдағы жылдың қыркүйек айында «AMANAT» партиясы Жәңгір атындағы орта мект..."
author: "bokeyorda.nurotan.kz"
published: "2022-12-23T07:17:48+00:00"
modified: "2022-12-23T07:17:48+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/sarsa-a-sal-an-zhauapsyz-merdigerler-981246"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/sarsa-a-sal-an-zhauapsyz-merdigerler-981246/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# САРСАҢҒА САЛҒАН ЖАУАПСЫЗ МЕРДІГЕРЛЕР.

> Бұдан бұрын жазылғандай, ағымдағы жылдың қыркүйек айында «AMANAT» партиясы Жәңгір атындағы орта мект...

Бұдан бұрын жазылғандай, ағымдағы жылдың қыркүйек айында «AMANAT» партиясы Жәңгір атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары, Хан ордасы ауылдық Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары, Хан ордасы ауылындағы визит орталық пен әкімшілік сәулет-мәдени құрылысы жұмыстарының іске асуын бақылау мақсатында партия жанынан құрылған аудандық партиялық бақылау бекеттері белгіленіп, партияның белгісі тақталар орнатылған болатын. Партиялық бақылау бекеті мүшелері құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін үнемі бақылау шараларын жүргізіп келеді, алайда жұмыс көңіл көншітпейді. Оған себеп бастапқы екеуі бойынша мемлекеттік тапсырыс арқылы тендерді ұтып алған мердігерлердің жауапсыздығы. Тарқатып айтар болсақ:

1. Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектепті күрделі жөндеу. Құрылыс "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаз атанған "НурТехСервис" ЖШС-мен 2021 жылы 27 қыркүйекте келісім шарт жасалған. Ұзақтығы 4 ай. 2021 жылы 19 млн тг. бөлініп, 7300 мың игерілген. 2022 жылы 299 000,0 теңге бөлігіп, маусым айында қосымша келісім-шарт жасалынған. Жұмыстың 67% орындалған. Құрылыстың аяқталуы 01.11.2022ж. Алайда, мердігер компания түрлі себептермен жұмысты толық аяқтамай отыр. Қазіргі таңда білім беру бөлімі мердігерді сотқа берген.

2.Хан ордасы ауылдық Мәдениет үйінің құрылысы. Құрылыс "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаз атанған "Корпорация-Әлем құрылыс" ЖШС. Құрылыстың ұзақтығы 4 ай 27.04.2022 - 26.08.2022ж. аралығы. Алайда, жеңімпаз мердігердің жауапсыздығы салдарынан құрылыс жұмысы аяқталмай отыр. Қазіргі таңда аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі біржақты келісім-шартты бұзған. Бастапқы мердігермен сот процесі жүруде. Құрылысты қайтадан жалғастыру үшін тиісті мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

3. Хан ордасы ауылындағы визит орталық пен әкімшілік сәулет-мәдени ғимараты. Ғимараттың құрылысын «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске мақсатында аудандық жол картасының 71 тармағында 2021 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы салу көзделген. Алайда, сол жылы қаржының жоқтығына байланысты құрылыс жұмысы басталған жоқ. 2022 жылы "Қарашығанақ петролиум оперейтинг Б. В. " (КПО) компаниясының әлеуметтік міндеттемелер негізінде іске асырылатын жобаларының құрамына енгізіліп, құрылыстары басталды. Қазіргі күні іргетасы құйылып, қабырғалары қалануда.

Айтпағымыз, жауапсыз мердігерлердің кесірінен аудан, облыс тіпті республика шеңберінде көптеген құрылыстардың жұмыстары мерзімінде аяқталмауда. Айналып келгенде жапа шегетін жөндеу немесе жаңа объектінің салынғаны қуанған қарапайым тұрғындар. Осындай кезде Мемлекеттік сатып алу бойынша Заңды да әрі жетілдіру қажет екендігі көрініс табады.

Бүгін аталмыш бекеттерге жауапты, аудандық мәслихат депутаттары партиялық бақылау шарасымен құрылысы тоқтап тұрған нысандардың жай-күйімен танысып қайтты.

---

Source: [https://yvision.kz/post/sarsa-a-sal-an-zhauapsyz-merdigerler-981246](https://yvision.kz/post/sarsa-a-sal-an-zhauapsyz-merdigerler-981246)