---
title: "Сәлем, оқырман!"
description: "Жазушы Сәуле Досжанмен онлайн-кездесу өтті20 сәуір күні ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде Ұлттық кітап күні аясында қазақстандық жаз?..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2026-04-20T10:15:22+00:00"
modified: "2026-04-20T10:15:22+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/salem-okyrman-1020632"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/salem-okyrman-1020632/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сәлем, оқырман!

> Жазушы Сәуле Досжанмен онлайн-кездесу өтті20 сәуір күні ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде Ұлттық кітап күні аясында қазақстандық жаз?...

Жазушы Сәуле Досжанмен онлайн-кездесу өтті20 сәуір күні ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде Ұлттық кітап күні аясында қазақстандық жазушы Сәуле Досжанмен онлайн-кездесу ұйымдастырылды.Іс-шара барысында оқушылар автордың «Ауылдан шыққан миллионер» повесінің мазмұнын талқылап, шығармаға қатысты, сондай-ақ жазушының шығармашылығы мен өмір жолына байланысты сұрақтарын қойды.Кездесу интерактивті форматта Абай атындағы, Спандияр Көбеев атындағы және №17 жалпы білім беретін мектептердің 7–8 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.Оқушылар жоғары қызығушылық танытып, әңгімеге белсенді қатысты. Соның арқасында кездесу мазмұнды, танымдық әрі әсерлі өтті.#ҰлттықКітапКүні2026 #НациональныйДеньКниги2026

![Сәлем, оқырман!](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/f3cceaf9ad669a4d38851792b7d8a585.jpg?width=1439&height=1004)

![Сәлем, оқырман!](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/5952583f892579332644803dcdd8b047.jpg?width=1440&height=1022)

---

Source: [https://yvision.kz/post/salem-okyrman-1020632](https://yvision.kz/post/salem-okyrman-1020632)