---
title: "«САҒЫНДЫРҒАН ӘНДЕР-АЙ» АСТАНАДА..!»"
description: "«Сағындырған әндер-ай» – жыл сайын өтетін дәстүрлі ретро ән кеші. Сағындырған сонау жылдарды әннің ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-10-28T10:42:59+00:00"
modified: "2015-10-28T10:42:59+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/sa-yndyr-an-nder-ay-astanada-619532"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/sa-yndyr-an-nder-ay-astanada-619532/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «САҒЫНДЫРҒАН ӘНДЕР-АЙ» АСТАНАДА..!»

> «Сағындырған әндер-ай» – жыл сайын өтетін дәстүрлі ретро ән кеші. Сағындырған сонау жылдарды әннің ...

«Сағындырған әндер-ай» – жыл сайын өтетін дәстүрлі ретро ән кеші.

![«САҒЫНДЫРҒАН ӘНДЕР-АЙ» АСТАНАДА..!»](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/NQfGR7hbt3tZ6Qdn5hBRK10OU5w2NO.png)

Сағындырған сонау жылдарды әннің құдіретімен еске түсіретін кеш көзі қарақты көрерменнің көзайымына айналып үлгерді. Авторы және ұйымдастырушысы «Майра» продюсерлік орталығының директоры Майра Ілиясова биыл қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының басын қосып, әсерлі ән кешін АСТАНАда ұйымдастырмақ. Қазақ сахнасында жылдар бойы көрерменге әсем әндерің ұсынып, өнер әлеміне еңбегі сіңген аға буын «Досмұқасан» тобы, Роза Рымбаева, Ескендір және Біржан Хасанғалиевтер, Нұрғали Нүсіпжанов, «МузАрт» тобы, «Нұрмұқасан» тобы, Нұржамал Үсенбаева, т.б. жас буын әншілері «Жігіттер» тобы, Алмас Кішкенбаев, Жанар Дугалова, Төреғали Төреәлі, Санда, т.б өнер жұлдыздары бір сахнада тоғысады. Сіз ойламаған тосын сыйлар көрерменді таңқалдырып, Сіз күтпеген дуэттер жыл жаңалығына айналады. 40 жыл сахнада өнер көрсеткен Роза Рымбаева мен жас әнші Серік Ибрагимов, қоңыр дауысты Мейрамбек Беспаев пен Әли Оқапов, Халықаралық «Славян базары» байқауының Гран при иегері Димаш Құдайбергенов пен көптеген ән байқауларының жеңімпазы Әлішер Кәрімов дуэт боп шырқайтын болады! Елорданың тұрғындары мен қонақтарына арналған ұмытылмас жұлдыздар шеруі 16 қараша күні, сағат 19:00-де «Қазақстан» орталық концерт салында өтпек.

**Мекен-жайымыз:**

**Астана қ. Орынбор көшесі 10/1**

**«Қазақстан» ОКЗ»**

**Кештің басталуы: 19:00**

**Алдын ала берілетін сұхбаттар және ақпаратты демеушілік,**

**серіктестік үшін: + 7 707 355 15 07**

---

Source: [https://yvision.kz/post/sa-yndyr-an-nder-ay-astanada-619532](https://yvision.kz/post/sa-yndyr-an-nder-ay-astanada-619532)