---
title: "САҚШЫЛАР ПЕТРОПАВЛДЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ"
description: "Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының назарында. Ювеналдық полицейлер қала мектептерінің оқушыларымен ке..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-02-17T14:23:50+00:00"
modified: "2019-02-17T14:25:01+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/sa-shylar-petropavldy-o-ushylarmen-kezdesip-z-zh-mystarymen-tanystyrdy-826489"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/sa-shylar-petropavldy-o-ushylarmen-kezdesip-z-zh-mystarymen-tanystyrdy-826489/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# САҚШЫЛАР ПЕТРОПАВЛДЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

> Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының назарында. Ювеналдық полицейлер қала мектептерінің оқушыларымен ке...

Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының назарында. Ювеналдық полицейлер қала мектептерінің оқушыларымен кездесіп, оларға нашақорлықтың зияны туралы айтты, патрульдік полицияның жұмысымен таныстырады. Сондай-ақ, суреттер байқауын ұйымдастырып, балалар үшін қызықты іс-шаралар өткізді.

«Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» республикалық акциясы аясында № 1 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларының алдында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау туралы дәрістерімен ювеналдық полиция өкілдері кездесу өткізді. Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі полиция майоры Светлана Алексеева есірткінің жаңа түрлерінің зиянына тоқталды. Солтүстікқазақстандық оқушыларға арнап облыстық Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен дайындалған «Тұздар мен спайстар. Құрдымға апарар жол» фильмін көрген балалар есірткінің салдары қандай болатындығына көз жеткізді.

«Бізге арнап танымдық дәріс өткізілді, фильмді тамашаладық. Көп мағлұмат алдық. Нашақорлықтың салдары қандай болатынын білдік», - дейді әсерімен бөліскен № 1 орта мектептің 9-сынып оқушысы Артем Литвиненко.

Жетінші және екінші мектептердің оқушылары үшін ерекше іс-шара өткізілді. Олар патрульдік полиция батальонының қызметтік автокөлігімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Полицей Николай Малыш балаларға бейнетіркегіштіштің, радиостанцияның, арнайы дыбыс зорайтқыштың жұмысын көрсетті. Балалар жүргізушінің орындығына отырып машинамен танысты, броньды жилет пен темір касканы киіп көрді. Бұл кездесуден кейін балалар болашақта полицей мамандығын таңдайтындықтарын жасырмады.

Ал, № 7 орта мектептің 8-сынып оқушысы Таисия Рогожниковаға патрульдік машина мен оның ішіндегі сан алуан құрылғылар ұнапты. Ол және оның сыныптастары суретке түсіп, әлеуметтік желілердегі парақшаларына жариялауға асықты.

№14 орта мектепте ювеналдық полицейлер, төменгі буын, бірінші сыныптың оқушылары арасында Жол жүрісі ережелерін сақтау тақырыбында суреттер байқауын өткізу үшін олармен кездесті. Сонымен қатар, «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» акциясы аясында полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтаумен айналысады. Акцияның алғашқы күні петропавлдық ювеналдық полицейлер 8 әкімшілік хаттама толтырды, оның ішінде 4 – кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуы, сондай-ақ 2 – ата-ананың балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы. Республикалық акция 15 ақпанда аяқталады, алайда тәртіп сақшылары криминал мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ балалар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша жұмысты ұдайы жалғастыратындығын атап өтті.

![САҚШЫЛАР ПЕТРОПАВЛДЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/0fdcb3282956a79f915d5d4f16732e.jpg)

![САҚШЫЛАР ПЕТРОПАВЛДЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/2652a8e6adbc6dc6a53a9c7ad71074.jpg)

![САҚШЫЛАР ПЕТРОПАВЛДЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/e30d38ea202b35b3c9a6692206dea8.jpg)

![САҚШЫЛАР ПЕТРОПАВЛДЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/77a5ea667d0888577baf1e49026c5b.jpg)

![САҚШЫЛАР ПЕТРОПАВЛДЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/a5f8a2350f8c3d3e73c2411537a9a2.jpg)

![САҚШЫЛАР ПЕТРОПАВЛДЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/d4132c4619808fc8938191449ad3e5.jpg)

![САҚШЫЛАР ПЕТРОПАВЛДЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/7de3b5a906ef6477f3f2c82ba17f3f.jpg)

![САҚШЫЛАР ПЕТРОПАВЛДЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/9da7c54397f2a3d385872bfa327c48.jpg)

![САҚШЫЛАР ПЕТРОПАВЛДЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/6e8ff0238616c83ee224b403853602.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/post/sa-shylar-petropavldy-o-ushylarmen-kezdesip-z-zh-mystarymen-tanystyrdy-826489](https://yvision.kz/post/sa-shylar-petropavldy-o-ushylarmen-kezdesip-z-zh-mystarymen-tanystyrdy-826489)