---
title: "Сәтбаев қаласының әкімі парамен ұсталды"
description: "Ұлытау облысындағы Сәтбаев қаласының әкімі ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растады. «ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат..."
author: "orazali"
published: "2024-02-14T06:07:49+00:00"
modified: "2024-02-14T06:08:20+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/s-tbaev-alasyny-kimi-paramen-staldy-1001133"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/s-tbaev-alasyny-kimi-paramen-staldy-1001133/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сәтбаев қаласының әкімі парамен ұсталды

> Ұлытау облысындағы Сәтбаев қаласының әкімі ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растады. «ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат...

*Ұлытау облысындағы Сәтбаев қаласының әкімі ұсталды.*

![](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/07c49e5fe5598b3aae8ea24035b5b8.jpg)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтбаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растады.

«ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», - деп хабарлады Антикордағылар.

Еске сала кетейік, Шапағат Әубәкір бұл қызметке өткен жылдың 19 қаңтарында тағайындалған еді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/s-tbaev-alasyny-kimi-paramen-staldy-1001133](https://yvision.kz/post/s-tbaev-alasyny-kimi-paramen-staldy-1001133)