---
title: "СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАРТЫ КҮНІ ІШІНДЕ 183 АДАМДЫ ҚАБЫЛДАДЫ"
description: "СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев облыс орталығында орналасқан барлық кездесу орындар..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-05-25T14:41:32+00:00"
modified: "2019-05-25T14:41:32+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-zholda-abyldau-akciyasy-zh-mysyny-zharty-k-ni-ishinde-183-adamdy-abyldady-833158"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-zholda-abyldau-akciyasy-zh-mysyny-zharty-k-ni-ishinde-183-adamdy-abyldady-833158/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАРТЫ КҮНІ ІШІНДЕ 183 АДАМДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

> СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев облыс орталығында орналасқан барлық кездесу орындар...

СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев облыс орталығында орналасқан барлық кездесу орындарында болды. Департамент басшысы халықпен барынша тығыз қарым-қатынас жасайтын және мемлекеттік қызмет көрсететін әкімшілік, жергілікті полиция, көші-қон қызметі және басқа да басты бөліністердің басшылығымен бірге азаматтардың сауалдарына жауап берді.

Петропавлда түске дейін «Жолда қабылдау» Ярослав Гашек көшесінде орналасқан «Партнёр Авто» ЖШС жанында өтті, полицейлерге жақын маңдағы ұйымдардың клиенттері мен қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, мардымды жауап алды. Екінші топ қаладан шығар жолдағы 21-ші бағыт автобусының соңғы аялдамасында орналасты. Сағат 14:00-ден қабылдау Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі «Семейный» гипермаркеті алдындағы алаңда және 2-ші Омбы айналма жолында өткізілді.

«Жүгінетін азаматтарға жағдай жасау мақсатында іс-шараның өткізілуіне ыңғайлы орындар таңдалды,- деді Марат Төлебаев. – Көлік қозғалысы барынша көп жолдарға баса назар аударылды. Тәжірибе көрсеткендей, автокөлікті тіркеу, айыппұл төлеу, жол белгілері бойынша сұрақтар жиі қойылады. Сонымен қатар полицейлер көші-қон желісі, азаматтық қаруды тіркеу – барлық заңнама мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде түсінік береді».

Сондай-ақ, Департамент бастығы жуырда Жамбыл көшесінде ашылған Оқушылар сарайы маңындағы жол қозғалысының ұйымдастырылуын халыққа түсіндіруді тапсырды, аталған жердегі жол белгілерінің орналасуы бойынша әлеуметтік желілерде және «Жолда қабылдау» акциясы барысында сұрақтар туындаған болатын. Әкімшілік полицейлер осы учаскедегі жол қозғалысын түсіндіретін түрлі-түсті сызба әзірлеп, ведомстволық парақшаларға орналастырды. Сызбадан жол қозғалысының қатысушыларына тең мүмкіндіктер жасалғанын көруге болады.

Акция аясында төрт сағат ішінде полицейлер 183 адамға көмек көрсетті.

«Жолда қабылдау» акциясы кезінде азаматтарды бетпе-бет қабылданып қана қоймай, виртуалды кеңістікте де қабылдау ұйымдастырылды. Сұрақтар колл-орталықтың 61-25-09 нөмірі бойынша және WhatsApp мессенджерінің 8-777-642-32-97 телефон нөмірі арқылы да қабылданды. «Жолда қабылдау» акциясы кеңінен әлеуметтік желілерде жарияланатыны маңызды. Сәуірдің басында өткен осындай акцияда полицейлер 762 сұраққа жауап берді. Инстаграмм және Фэйсбук желілерінің тоғыз тікелей эфирінде облыс, аудан орталықтарында көрсетілді. Ол туралы хабарлама өңірдің озық пабликтерінде жарияланды. Бұл халықты акция туралы хабардар етудің және кез-келген форматта адамдарға қол ұшын беруге полиция ведомствосының дайын екендігін көрсетудің бір тәсілі», - деді СҚО Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов.

Бүгін түске дейінгі аралықтың өзінде-ақ, акция қалалық, аудандық және СҚО ПД жанындағы консультативтік кеңесші-орган блогерлерінің эфирлерінде жарияланып үлгерді.

Айта кеткен жөн, аудандық полиция бөлімдері де белсенділік танытуда. Қызылжар ауданында полицейлер кезектегі адамдарға жағдай жасап, трассада шатыр тігіп, шай берді.

Ертең Петропавлда тәртіп сақшылары К. Сүтішев көшесі, 60 мекенжайында орналасқан «Хилтон» сауда-қонақ үй кешені және вокзал маңы алаңында күні бойы адамдарды қабылдайды.

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАРТЫ КҮНІ ІШІНДЕ 183 АДАМДЫ ҚАБЫЛДАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/44869c8424d427cab3e7c74b82f980.png)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАРТЫ КҮНІ ІШІНДЕ 183 АДАМДЫ ҚАБЫЛДАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/867dd7fb2a76810d72e13323cb525e.png)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАРТЫ КҮНІ ІШІНДЕ 183 АДАМДЫ ҚАБЫЛДАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/67c95472c1324c5c5cf39498fe285e.png)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАРТЫ КҮНІ ІШІНДЕ 183 АДАМДЫ ҚАБЫЛДАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/2bc026524790469e1dab3c4212c9ce.png)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАРТЫ КҮНІ ІШІНДЕ 183 АДАМДЫ ҚАБЫЛДАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/35ccd1c3564d273f5dc1ea5db65b6f.png)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАРТЫ КҮНІ ІШІНДЕ 183 АДАМДЫ ҚАБЫЛДАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/3ce72eb041d3d3ddb756c14798efb4.png)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАРТЫ КҮНІ ІШІНДЕ 183 АДАМДЫ ҚАБЫЛДАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/a78188b8573305c0a7149f5cad1fd4.png)

СҚО ПД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-zholda-abyldau-akciyasy-zh-mysyny-zharty-k-ni-ishinde-183-adamdy-abyldady-833158](https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-zholda-abyldau-akciyasy-zh-mysyny-zharty-k-ni-ishinde-183-adamdy-abyldady-833158)