---
title: "СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕКТЕРІН ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ"
description: "Жастарға кандидаттарға қойылатын талаптар туралы, құқық қорғау органдары қызметінің артықшылықтары ..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-07-05T03:54:33+00:00"
modified: "2019-07-05T03:54:33+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-universitet-t-lekterin-zh-mys-a-sha-yrady-835750"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-universitet-t-lekterin-zh-mys-a-sha-yrady-835750/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕКТЕРІН ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ

> Жастарға кандидаттарға қойылатын талаптар туралы, құқық қорғау органдары қызметінің артықшылықтары ...

Жастарға кандидаттарға қойылатын талаптар туралы, құқық қорғау органдары қызметінің артықшылықтары және перспективалары жайлы айтылды.

Тәртіп сақшылары жаңа кадр ретінде СҚМУ түлектеріне басымдылықпен қарайды. Ол жерде жоғары білім алған студенттер - не СҚО тумасы, не оқу оқыған кезінде облыс оралығына бейімделген болады. Сол себепті олар үшін жұмысқа бейімделу де жеңіл болады. Бұл қызметкер үшін маңызды, өйткені алғашында нормаланбаған жұмыс күніне, қызмет ерекшелігіне байланысты қойылатын шектеулерге үйренісіп кету оңайға соқпайды.

«Бұрын алғашқы оқыту курстары училищелерде өткізілетін, енді органға қызметке түсуге ниет білдіріп, іріктеуден өтсеңдер, ІІМ Академиясына оқуға барасыздар. Ол жақтан келген соң, бірден лауазымға отырасыздар», - деді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев және кейін жұмысқа орналасу мәселесі туындамайтынын да айтты.

Жоғарғы оқу орындарының түлектері ІІО ардагерлері Ақан Сыздықов пен Ермек Талғарбаевтың қызмет атқару тәжірибелері туралы айтқан әңгімелерін ұйып тыңдады. Олар еңбек жолдарын қатардағы милиционер лауазымынан бастап, отставкаға полиция полковнигі атағымен шыққан.

Екеуі де қызмет өткеру үшін мемлекет тарапынан лайықты жағдай жасалғанын: жедел-тергеу бөліністерінің қызметкерлеріне тұрғын үйді жалға алуға ақшалай өтемақы төленетінін, тегін киім-кешек, зейнетақымен қамсыздандыру және басқа да артықшылықтарын айтып кетті.

Сонымен қатар, студенттер алдында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция кіші лейтенаны Қанат Фазылов пен полиция кіші лейтенаны Юлий Данильченко сөз сөйледі. Аға буын сияқты жоғары шенді алу үшін оларға бірталай тер төгу қажет, алайда, бүгінде адам өмірін арашалап қалғандары үшін алған «Ерлігі үшін» медальдары төстерінде ерекше жарқырайды. Юлий Данильченко 2016 жылы өз өміріне қауіп төніп тұрса да, жардан құлаған қызды құтқарған; дәл сол жылдың қарашасында Қанат Фазылов жол бойында аударылып, темір торға айналған автомобильден екі адамды аман алып шыққан.

Мамандық таңдау – жауапты іс екені белгілі. Полицейлермен болған бұл кездесу түлектерге ой тастады. Жастардың тәртіп сақшыларына қойған сұрақтары нақты болды, әрі қызметке деген қызығушылықтары байқалды.

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕКТЕРІН ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/4cc7379f5c841db0ab1f50b4dc504e.jpg)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕКТЕРІН ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/91b9fbdf5d4fed2849a39407c9d336.jpg)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕКТЕРІН ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/506615567cb3c6f1fc7a704b5a9e6a.jpg)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕКТЕРІН ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/7cb26ec0a229361200b984b0e308e3.jpg)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕКТЕРІН ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/5485eb356ae22b5ce38bc38e4f425d.jpg)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕКТЕРІН ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/05e5a89e8ba914b063952af79b3f95.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-universitet-t-lekterin-zh-mys-a-sha-yrady-835750](https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-universitet-t-lekterin-zh-mys-a-sha-yrady-835750)