---
title: "СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ІЗ-ТҮССІЗ ЖОҒАЛҒАНДАРДЫ ІЗДЕСТІРУДЕ"
description: "2018 жылы солтүстікқазақстандық полицейлер өткен жылдары іздеу жарияланған 11 адамның жүрген жерін а..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-02-24T11:50:20+00:00"
modified: "2019-02-24T11:50:20+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-iz-t-ssiz-zho-al-andardy-izdestirude-827019"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-iz-t-ssiz-zho-al-andardy-izdestirude-827019/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ІЗ-ТҮССІЗ ЖОҒАЛҒАНДАРДЫ ІЗДЕСТІРУДЕ

> 2018 жылы солтүстікқазақстандық полицейлер өткен жылдары іздеу жарияланған 11 адамның жүрген жерін а...

2018 жылы солтүстікқазақстандық полицейлер өткен жылдары іздеу жарияланған 11 адамның жүрген жерін анықтады. Барлығы із-түссіз жоғалған 47 адамға іздеу жарияланған. Олардың 38-і табылды.

Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеу Полиция департаменті басшылылығының үнемі бақылауында. Арыз келіп түсісімен, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шығып, мүмкін деген нұсқаларды тексеріп, қажетті шараларды қабылдайды. Егер де «ізін суытпай» жүргізілген шаралар еш нәтиже бермесе, материал Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізіледі. Кезекшілікке түсетін полицияның кешенді күштеріне жоғалған азаматтар туралы мәліметтер беріледі. Криминалдық полиция қызметкерлері жоғалғандардың таныстарын, араласқан адамдарын, болуы мүмкін орындарды тексереді.

«Арыз түскен сәттен бері жылдар өтсе де, іздестіру жұмыстары тоқтатылған емес», - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климов. – Біздің қызметкерлер олардың істерін ашып, оларға қатысты мәліметтерді қайта тексереді. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін олардың сырт белгілері, мәліметтері көрсетілген ақпарат дайындалып, жолданады».

Петр Климовтың айтуынша, азаматтардың жоғалуына түрлі жағдайлар себеп болып жатады. Мысалы, отбасындағы жайсыз жағдайлар, жадынан айырылу. Бұл, әсіресе, егде жастағы адамдарға тән. Тәртіп сақшылары түрлі нұсқаларды тексеріп, қарайды. Бұл ретте жергілікті тұрғындардың да көмегінің пайдасы болуы мүмкін.

Бүгінде солтүстікқазақстандық полицейлер «өткен жылдар» санатындағы із-түссіз жоғалған төрт адамды іздестіруде.

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ІЗ-ТҮССІЗ ЖОҒАЛҒАНДАРДЫ ІЗДЕСТІРУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/fbf915dcc34069bb0c7822cb5cad0a.jpg)

СҚО, Айыртау ауданы, Арықбалық селосының 1965 жылы туған тұрғыны Геннадий Григорьевич Шмелёвтің іздеуде жүргеніне 10 жыл. Жақындарының айтуынша, ол 2009 жылдың 18 маусымында облыстық ауруханадан шығып кетіп, сол уақыттан бері оның жүрген жері белгісіз. Белгілері: орта денелі, бойы 175 см., шашы қысқа ашық түсті, көздері ашық түсті.

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ІЗ-ТҮССІЗ ЖОҒАЛҒАНДАРДЫ ІЗДЕСТІРУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/b17326d78bd3e0ae38d6b77ed1f835.jpg)

1959 жылы туған петропавлдық Александр Васильевич Яковлевты да іздеу жұмыстары тоқтатылған емес. «Горизонт» бау-бақша қауымдастығынан 2011 жылдың 4 тамызында ұшты-күйлі жоғалып кеткен.

Белгілері: орта денелі, бойы 175-180 см., қысқа қарақоңыр шашты, көздері сұр түсті, мұрты бар.

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ІЗ-ТҮССІЗ ЖОҒАЛҒАНДАРДЫ ІЗДЕСТІРУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/7bb2e6b2af3bb063a2c73aa679a730.jpg)

Облыс орталығының 67 жастағы тұрғыны Людмила Васильевна Межевикина 2012 жылдың 17 сәуірінде үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Белгілері: орта денелі, бойы 165 см., қоңыр көзді.

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ІЗ-ТҮССІЗ ЖОҒАЛҒАНДАРДЫ ІЗДЕСТІРУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/04ba4257b220a7ae1ea91a37d06596.jpg)

71 жастағы петропавлдық Борис Фёдорович Голыбин өткен жылдың 24 сәуірінде жоғалып кеткен. Ол қонақта болып, үйіне кетуге бет алған. Сол уақыттан бері оны ешкім көрмепті.

Белгілері: бойы 155 см., толық денелі, ақ шашты, көздері көгілдір түсті.

Полиция қызметкерлері барлық азаматтардан аталған із-түссіз жоғалған адамдар туралы қандай да бір ақпарат алған жағдайда «102» телефонына хабарласуларын сұрайды.

Жылдың басынан Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 8 адамға іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта олардың алтауы табылды. Олардың екеуі «өткен жылдар» санатында болғандар.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-iz-t-ssiz-zho-al-andardy-izdestirude-827019](https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-iz-t-ssiz-zho-al-andardy-izdestirude-827019)