---
title: "СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТЕДІ"
description: "СҚО полицейлері үш бойы өткізген «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты – жоғ..."
author: "dvd_sko"
published: "2018-10-23T16:04:01+00:00"
modified: "2018-10-24T02:46:00+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-internet-alaya-tardy-is-reketteri-turaly-eskertedi-817528"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-internet-alaya-tardy-is-reketteri-turaly-eskertedi-817528/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТЕДІ

> СҚО полицейлері үш бойы өткізген «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты – жоғ...

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТЕДІ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/e530e9b39e1b8ac5082e2d4c77f8b1.jpg)

СҚО полицейлері үш бойы өткізген «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты – жоғары технологиялар саласында қылмысқа қарсы іс-қимыл, осындай қылмыстарды, сондай-ақ бұрын жасалған интернет ұрлықтары мен интернет-алаяқтықтарын анықтау, жолын кесу және ашу болды. Осы уақыт ішінде жедел уәкілдер ақпараттық технологиялармен байланысты 15 қылмыстың бетін ашып үлгерді.

СҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Интернет ұрлықтары мен ҚР ҚК «Зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немсе тарату» 210-бабымен көзделген қылмыс жасауда күдікті 30 жасар қала тұрғынын ұстады. Арнайы бағдарлама құрып, оның көмегімен банк карталарын пайдаланушылардан ақша алып отырған. Кейбір пайдаланушылар өздерінің шоттарынан ақша қаражаттарының алынып отырғанына аса мән бермеген. Алынған сома әр түрлі – мың теңгеден бастап 100 мың теңгеге дейін. Бүгінгі күні хакердің есебінде 14 алданған адамның бары анықталды. Полицейлер бұл барлық алданғандардың толық тізімі еместігін жоққа шығармайды, сондықтан да жәбірленушілердің толық ортасы мен келтірілген шығынның сомасын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Хакердің бұл әрекеті ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлыққа» жатады.

Петропавл қаласының тағы бір тұрғыны алаяқтың құрбанына айналған, алаяқ оның есеп шотынан 6 миллионнан артық теңгені жымқырған. Бұның бәрі белгісіз ер адамның қоңырау шалуынан басталған. Ол хабарландыру бойынша хабарласып тұрғаныны және автокөлік сатушының карточкасына алдын ала төлем жүргізуді ұсынған. Бұл үшін ол карточка иесінің телефон нөміріне келіп түскен карточканың нөмірін, кейін кодын сұраған. Осы деректер алаяқ үшін қала тұрғынының есеп шотынан ірі көлемде ақша алуға жеткілікті болған. Осындай әрекеттерімен алаяқтар автомашинасын сатқан тағы бір петропавлдықты қармауына түсірген.

Полицейлер ешқашан және қандай да бір жағдайларда ешкімге өзіңнің жеке деректеріңді немесе құпия ақпараттар: банк картасының пин-коды, шот нөмірі, әлеуметтік желілердегі парақшаларыңның логины мен паролін, банк картасының сырт жағында орналасқан кодтар жайлы хабарламауға қатаң түрде кеңес береді. «Алаяқтардың құрбанына айналмас үшін «OLX», «Крыша», «Колеса.kz.» сайттарындағы хабарландыруларды мұқият тексеру, растайтын құжаттар болған кездің өзінде алдын ала төлем жасамау керек. Сондай-ақ интернет желісінен вирусқа қарсы бағдарламаларды пайдалану және күмәнді бағдарламаларды жүктемеу қажет», - деп тоқтала кетті СҚО ІІД КПБ аға жедел уәкілі Виталий Подчернин.

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТЕДІ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/3a5fbeb574f9f89e0f1bfe8a0a3358.png)

СҚО ІІД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-internet-alaya-tardy-is-reketteri-turaly-eskertedi-817528](https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-internet-alaya-tardy-is-reketteri-turaly-eskertedi-817528)