---
title: "СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЕКІ АУЫР ЖҮК КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ"
description: "СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері адамдарға..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-02-17T15:23:19+00:00"
modified: "2019-02-17T15:23:19+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-eki-auyr-zh-k-k-lik-zh-rgizushilerine-k-mek-k-rsetti-826506"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-eki-auyr-zh-k-k-lik-zh-rgizushilerine-k-mek-k-rsetti-826506/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЕКІ АУЫР ЖҮК КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

> СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері адамдарға...

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері адамдарға кез келген жағдайда көмек көрсетуге бағдарланады.

Таңертең Жамбыл ауданының аумағында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Мамлютка-Қостанай тас жолы бойында Қостанай облысына астық қалдықтарын тасымалдайтын тіркемесі бар КамАЗ көлігінің бір жақ қырына аударылып жатқанын байқаған. Жүргізушісі зардап шекпеген. Кейін анықталғандай, ол көлік тізгініне ие бола алмай, кюветке қарай кетіп қалған. Оқиға орнына арнайы техниканың екі бірлігі шақырылды. Түске қарай КамАЗ көлігін жол үстіне сүйреп шығарады. Осы аралықта полиция капитаны Әміржан Таққожин мен полиция сержанты Сергей Полуянов жүргізушіні қамқорлықтарына алған. Патрульдік машинаға отырғызып, ыстық тамақ берген.

Дәл сол күні Шал ақын ауданының аумағындағы Жезқазған-Петропавл тас жолында полиция аға сержанты Бауыржан Закирин және қатардағы полицей Бахтияр Алпысбаев тиелген арпасымен жолда қатып қалған КамАЗ көлігінің қасына тоқтайды. Қозғалтқышының істен шығуына байланысты жүргізуші тоқтауға мәжбүр болған. Жүк машинасының салоны тез суып, жүргізуші буксирді полицейлердің көлігінде тосқан. КамАЗ-ды ымырт түскен кезде буксирлегендіктен тәртіп сақшылары екі көлікке де ілесіп жүрген.

«Күн сайын кезекшілікке шығатын экипаждарға жолдардың жағдайын тексеруге, қиын жағдайларға тап болған адамдарға қол ұшын беруге нұсқау беріледі, - дейді СҚО ПД ЖПҚБ ППБ бастығы полиция подполковнигі Ерлан Мәдиев. – біздің климаттық жағдайда жылыту маңызды, сол себепті кез келген автомашинада пимаға дейін болады. Қатты аяз күндері жол бойында жаяу келе жатқан адамды, бағыттан ауытқымай, елді мекенге дейін жеткізіп салады, тоқтап тұрған көліктерді тексереді. Патрульдік полицейлер жүргізушілерден жолшыбай тоқтап тұрған немесе қалдырылған машиналарды кездестіргендерін не кездестірмегендерін сұрастырады».

Облыстық және республикалық маңызы бар жолдардың қауіпсіздігі СҚО ПД басшылығының ерекше бақылауында.

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЕКІ АУЫР ЖҮК КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/11dfb0d04a6650fac15533c41a3bb0.jpg)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЕКІ АУЫР ЖҮК КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/ff838df1d61dc34a91862dca0374f0.jpg)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЕКІ АУЫР ЖҮК КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/917375071a5a46b369fe799775355d.jpg)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЕКІ АУЫР ЖҮК КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/cffa994cd2d343e6e9027043f7b59b.jpg)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЕКІ АУЫР ЖҮК КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/fae6cafc117ac9b81f070920cf0c7b.jpg)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЕКІ АУЫР ЖҮК КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/f05b091ee57eccaa786af4cf6e89e8.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-eki-auyr-zh-k-k-lik-zh-rgizushilerine-k-mek-k-rsetti-826506](https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-eki-auyr-zh-k-k-lik-zh-rgizushilerine-k-mek-k-rsetti-826506)