---
title: "СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ БІР АЙДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТТА 145 ҚАРУ ИЕСІНЕ РҰҚСАТ БЕРДІ"
description: "12 қаңтардан бастап қазақстандықтар жаңа ереже бойынша қаруларын тіркейтін болады. Бұдан былай полиц..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-02-09T06:47:02+00:00"
modified: "2019-02-09T06:47:59+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-bir-ayda-elektrondy-formatta-145-aru-iesine-r-sat-berdi-825876"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-bir-ayda-elektrondy-formatta-145-aru-iesine-r-sat-berdi-825876/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ БІР АЙДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТТА 145 ҚАРУ ИЕСІНЕ РҰҚСАТ БЕРДІ

> 12 қаңтардан бастап қазақстандықтар жаңа ереже бойынша қаруларын тіркейтін болады. Бұдан былай полиц...

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ БІР АЙДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТТА 145 ҚАРУ ИЕСІНЕ РҰҚСАТ БЕРДІ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/5094025f2e1363e5d42c9edf6f1d22.jpg)

12 қаңтардан бастап қазақстандықтар жаңа ереже бойынша қаруларын тіркейтін болады. Бұдан былай полиция қаруды сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және тасымалдауға рұқсатты электронды түрде - www.egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы ғана береді.

«Бұл халыққа жайлы болу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін істеліп жатыр, - дейді СҚО Әкімшілік полиция басқармасы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау жөніндегі тобының бастығы полиция подполковнигі Юрий Семенько. – Қаруды сатып алуға ниет білдірген адам барлық қажетті мемлекеттік қызметтерді өз үйінде «электрондық үкімет» порталы, немесе ХКҚО арқылы ала алады, ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның бар болуы және талап етілетін құжаттар пакетін зерделеу міндетті».

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, қажетті құжаттардың тізімі ҚР ІІМ 2018 жылғы 30.11. № 395 бұйрығында келтірілген, оны «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтынан табуға болады. Бұдан басқа, тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімшелерінен немесе мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметтердің анықтамалығынан мына телефондар арқылы: 8 (7172) 71-41-36, 72-21-88, 72-26-31, 72-22-16, сондай-ақ 1414 Бірыңғай байланыс орталығынан кеңес алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесін әр жүгінуші «электрондық үкімет» порталындағы «Жеке кабинеттен» тексере алады.

Жыл басына СҚО ПД ӘПБ АжҚҚАБ бөліністері 148 мемлекеттік қызмет, оның ішінде 145-і электрондық түрде көрсетілді. Қағаз түрінде қаруды комиссиялық сату үшін 3 жолдама берілді.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-bir-ayda-elektrondy-formatta-145-aru-iesine-r-sat-berdi-825876](https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-bir-ayda-elektrondy-formatta-145-aru-iesine-r-sat-berdi-825876)