---
title: "СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУДА"
description: "Отставкадағы милиция подполковнигі Григорий Иванович Красильников еңбек жолын мектеп мұғалімі болып ..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-05-10T14:50:18+00:00"
modified: "2019-05-10T14:50:18+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-ardagerlerdi-tty-tauda-832174"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-ardagerlerdi-tty-tauda-832174/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУДА

> Отставкадағы милиция подполковнигі Григорий Иванович Красильников еңбек жолын мектеп мұғалімі болып ...

Отставкадағы милиция подполковнигі Григорий Иванович Красильников еңбек жолын мектеп мұғалімі болып бастаған. Соғыс өмірдегі жоспарларын күрт өзгертті. Жаяу әскер қатарында Курск доғасына дейін барды. Сол жерде жарақат алып, әскер қатарын ауыстыруға мәжбүр болды. Қатарға бомбалайтын авиацияның шебері болып қосылды. Григорий Ивановичтің соғыс туралы соңғы естелігі – Берлинге шабуыл жасау алдындағы бомбалау мен артилериялық қарудан атқылаудың өршіген тұсы. Шабуыл 18 сәуірде басталды, ал осыдан 6 күн бұрын Красильников майдандас жолдастарының өмірін аяусыз үзген минадан жарақат алып, госпиталге жатқызылған.

Ардагер бейбіт күндегі естеліктерді қуана есіне алды. Еңбек жолының әр сәті есінде. Қызметі Солтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендерде болған, бұл туралы қуана айтып берді.

«48 жасымда зейнетке шықтым. Қалдыруға көндіргенімен, бас тарттым, - деді қария. Бірақ 80 жасыма дейін жұмыс істедім. Ең соңғы жұмыс орным – милицияның ерікті көмекшілерін басқардым...»

Қарияда төрт баласы, жеті немересі және үш шөбересі бар. Отбасы туралы ардагер ерекше жылулықпен айтты.

Отставкадағы милиция подполковнигі Никита Герасимович Семёнов те туған-туысқандарының назарында. Соғыста ардагер мерген болған. Никита Герасимович оптикалық көздеуіші бар винтовкадан 11 неміс снайперін жойған.

«Нақты жойылғандардың саны – 11, - деді ол. Барлығын санай алмайсың, олар бүркемеленіп жүреді. Көргенде – атасың, оның үні шықпай қалады. Тірі қалғанын не қаза болғанын білмейсің».

Никита Семёнов талай қиындықтарды басынан өткерді. Майданда жолдастарынан айырылды, немістер ата-анасының үйін өртеді. Бірақ ардагер өмірдің қиындықтарына мойымады.

«Мен 99 толамын. Тағы бір жылдан кейін – жүзге!» - деп баяндады ардагер қонақтарға.

Мереке қарсаңында полицейлер ҰОС және ІІО барлық ардагерлеріне барып, материалдық көмек көрсетуде және жылы лебіздерін білдіруде. Тыл еңбеккерлері мен ардагерлер жесірлеріне де ерекше көңіл бөлінуде.

«Майдан үшін қызмет етіп, бар күш-жігерлерін жұмсаған тыл еңбеккерлері назарымызда, қолдаймыз, медициналық көмекті ұйымдастырудамыз, - деді СҚО ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұраған Көпеев. Бұл жұмыс тек Жеңіс күнінің қарсаңында ғана жасалмайды, жыл бойы жүргізіледі».

Полицейлер мерекелерде ардагер-қарияларға барып, қолдау көрсетуді игі дәстүрге айналдырды.

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУДА](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/927b483a9404a7b82ac314bee27eca.jpg)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУДА](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/d9e87a0c20bfe9ec0cb792066f5e8e.jpg)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУДА](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/e3f2e1c4c5792617352ec452cbb3c6.jpg)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУДА](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/0ee5c41b56581b8590e45b66a25ff2.jpg)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУДА](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/ffdbbd5415ec122e201d46eb830001.jpg)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУДА](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/7fb1787a82c0e5ccd740c0d02ca134.jpg)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУДА](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/208a18646e000945c8f540264263b3.jpg)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУДА](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/0ec54902ee4fb6724d2f00f101759c.jpg)

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУДА](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/6ff7e67c260d6fd65bf71156d0aa50.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-ardagerlerdi-tty-tauda-832174](https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-ardagerlerdi-tty-tauda-832174)