---
title: "СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 6 АЙДЫҢ ІШІНДЕ 135 ЕСІРТКІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҒЫН АНЫҚТАДЫ"
description: "оның 8-і облыс аумағында шілденің 8-12 аралығында өткізілген «Өрмек» халықаралық есірткіге қарсы оп..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-07-15T14:13:52+00:00"
modified: "2019-07-15T14:14:10+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-6-aydy-ishinde-135-esirtki-y-b-zushyly-yn-any-tady-836303"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-6-aydy-ishinde-135-esirtki-y-b-zushyly-yn-any-tady-836303/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 6 АЙДЫҢ ІШІНДЕ 135 ЕСІРТКІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҒЫН АНЫҚТАДЫ

> оның 8-і облыс аумағында шілденің 8-12 аралығында өткізілген «Өрмек» халықаралық есірткіге қарсы оп...

оның 8-і облыс аумағында шілденің 8-12 аралығында өткізілген «Өрмек» халықаралық есірткіге қарсы операциясы шеңберінде анықталды.

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаевтың айтуынша, «Өрмек» операциясының мақсаты – синтетикалық психобелсенді заттардың жаңа түрлерінің заңсыз айналымы фактілерінің жолын кесу. Операцияның бес күнінде өңір аумағында 8 есірткі құқық бұзушылығы, оның ішінде синтетикалық есірткіні өткізудің 3 фактісі анықталды. 8 кг астам түрлі есірткі заттары алынды. Қазіргі уақытта алынған заттар сот-химиялық сараптамаға жіберілді және тергеу жүргізіліп жатыр.

«Жыл басынан есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтар үшін 70 адам, оның ішінде 13 адам ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соңғы алты айда Солтүстік Қазақстан облысының аумағында заңсыз айналымнан 90 килограмға тарта түрлі есірткі заттары, оның ішінде 106 грамм героин алынды. Есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс белсенді жалғасуда», - атап өтті Жандос Басыбаев.

![СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 6 АЙДЫҢ ІШІНДЕ 135 ЕСІРТКІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҒЫН АНЫҚТАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/67758de6b3d441754a137cdb99218d.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-6-aydy-ishinde-135-esirtki-y-b-zushyly-yn-any-tady-836303](https://yvision.kz/post/s-o-policeyleri-6-aydy-ishinde-135-esirtki-y-b-zushyly-yn-any-tady-836303)