---
title: "СҚО ПД: МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ОБЛЫСТАҒЫ КРИМИНОГЕНДІК ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ БОЛДЫ"
description: "Солтүстікқазақстандық полицейлер жаңа жылдық мереке күндері күшейтілген түрде қызмет атқарды. Қоғамд..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-01-03T15:58:01+00:00"
modified: "2019-01-03T15:59:06+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/s-o-pd-mereke-k-nderi-oblysta-y-kriminogendik-zha-day-t-ra-ty-boldy-823045"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/s-o-pd-mereke-k-nderi-oblysta-y-kriminogendik-zha-day-t-ra-ty-boldy-823045/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО ПД: МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ОБЛЫСТАҒЫ КРИМИНОГЕНДІК ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ БОЛДЫ

> Солтүстікқазақстандық полицейлер жаңа жылдық мереке күндері күшейтілген түрде қызмет атқарды. Қоғамд...

![СҚО ПД: МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ОБЛЫСТАҒЫ КРИМИНОГЕНДІК ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ БОЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/55c78ab5b50a327307fa7e8c6b26bd.jpg)

Солтүстікқазақстандық полицейлер жаңа жылдық мереке күндері күшейтілген түрде қызмет атқарды. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға күн сайын 500-ден астам қызметкер тартылды.

Облыс орталығында полицияның жаяу жасақтары көшелердегі тәртіпті екі ауысыммен қадағалады. Сонымен бірге 28 көлік патрулі мен бес «Модуль» бекеттері де құқықтық тәртіпті сақтауға жұмылдырылды. Олардың жұмысы тәулік бойы Жедел басқару орталығы арқылы радиобайланыстың, бейнебақылау камераларының көмегімен үйлестірілді.

СҚО Полиция департаменті Жедел жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Асан Смағұловтың айтуынша, облыс орталығы мен облыс аудандарында жаңа жыл түні тыныш өтті. Ауыр қылмыстар тіркелмеді. Шақыртулардың басым бөлігі қаңтардың 2-нен 3-не қараған түні орын алды. Негізінен олар отбасылық жанжалдар.

Жалпы, желтоқсанның 31-і мен қаңтардың 2-сі аралығында қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы 61 хабарлама келіп түсті. Олар толық 100% ашылды. Бұдан бөлек, мерекелік үш күнде Петропавл қаласында бейнебақылау камералары арқылы 38 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Олардың 16-сы – қоғамдық тәртіптің, 20-сы – жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтары.

![СҚО ПД: МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ОБЛЫСТАҒЫ КРИМИНОГЕНДІК ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ БОЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/49ffea4967862daa377e180242966f.jpg)

Жаңа жылдық мереке аяқталғанымен, көшелер мен жолдардағы тәулік бойғы кезекшілік жалғасатын болады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/post/s-o-pd-mereke-k-nderi-oblysta-y-kriminogendik-zha-day-t-ra-ty-boldy-823045](https://yvision.kz/post/s-o-pd-mereke-k-nderi-oblysta-y-kriminogendik-zha-day-t-ra-ty-boldy-823045)