---
title: "СҚО-НЫҢ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 11 АЙЛЫҚ БАЛАНЫ ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ АУРУХАНАҒА ЖЕТКІЗУГЕ КӨМЕКТЕСТІ"
description: "Өткен бейсенбі күні таңғы сағат 9 шамасында «Жезқазған-Петропавл» тас жолында Бәйтерек ауылының мааң..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-09-08T17:04:01+00:00"
modified: "2019-09-08T17:04:01+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/s-o-ny-patruldik-policeyleri-11-ayly-balany-sh-yl-t-rde-auruhana-a-zhetkizuge-k-mektesti-840238"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/s-o-ny-patruldik-policeyleri-11-ayly-balany-sh-yl-t-rde-auruhana-a-zhetkizuge-k-mektesti-840238/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО-НЫҢ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 11 АЙЛЫҚ БАЛАНЫ ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ АУРУХАНАҒА ЖЕТКІЗУГЕ КӨМЕКТЕСТІ

> Өткен бейсенбі күні таңғы сағат 9 шамасында «Жезқазған-Петропавл» тас жолында Бәйтерек ауылының мааң...

Өткен бейсенбі күні таңғы сағат 9 шамасында «Жезқазған-Петропавл» тас жолында Бәйтерек ауылының мааңында СҚО ПД патрульдік полиция батальонының инспекторлары полиция лейтенанты Берік Қойшыбаев пен полиция кіші лейтенанты Руслан Акматов Петропавл қаласы жаққа үлкен жылдамдықпен келе жатқан «Audi» автокөлігін тоқтатты. Көлік салонында туа біткен дерті бар бала болған. Шал ақын ауданының тұрғыны Ербұлан Байдалин әйелі екеуі 11 айлық науқас баласын облыс орталығына емделуге әкеле жатқан. Жол-жөнекей баланың денсаулығы күрт нашарлайды. Ербұлан жылдамдық қосуға мәжбүр болады.

Полицейлер жағд айды сұрастыра келе жарқылдауық маяктар мен сиренаны қосып, тез арада жеткізу туралы шешім қабылдады. Абырой болғанда бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер баланың жағдайын тұрақты екенін айтты.

Тым кеш болып кете ме деп ойлаған әкесі инспекторларға алғысын білдірді.

«Кезекшілікке түсетін қызметкерлерге жол үстінде қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету туралы тапсырма қойылады», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция батальонының командирі полиция подполковнигі Ерлан Мәдиев. – Қызметкерлер жол бойында тоқтаған әр көлікті тексеруі қажет. Өйткені оларға көмекке мұқтаж болып қалуы мүмкін. Мәселен, дәл осы күні кешкі сағат 8 жарым кезінде Аққайың ауданында «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тас жолында полиция лейтенанттары Алмаз Қазбикенов пен Диар Егізбаев «Toyota» автокөлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті. Ол жалғыз өзі ақау шыққаннан кейін ағытылып кеткен тіркемесін жалғай алмаған. Ал 21:50-де Мамлют ауданында «Челябі-Новосібір» тас жолында полиция лейтенанты Руслан Галиев пен полиция кіші лейтенанты Артем Соколов жол жиегіне шығып кеткен автобустың жолаушыларына көмектесті».

30 жолаушының арасында 6 әйел мен 3 жасар бүлдіршін болған. Ашық аспан астында көліктің жөнделіп болуын күтіп тұрмас үшін инспекторлар оларды жол бойындағы жақын дәмханалардың біріне жеткізді. Арнайы техника шақыртылып, 00:10 шамасында автобус сапарын жалғастырды.

![СҚО-НЫҢ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 11 АЙЛЫҚ БАЛАНЫ ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ АУРУХАНАҒА ЖЕТКІЗУГЕ КӨМЕКТЕСТІ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/422aaca7c6382a3148289e9c290f0e.png)

СҚО ПД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/s-o-ny-patruldik-policeyleri-11-ayly-balany-sh-yl-t-rde-auruhana-a-zhetkizuge-k-mektesti-840238](https://yvision.kz/post/s-o-ny-patruldik-policeyleri-11-ayly-balany-sh-yl-t-rde-auruhana-a-zhetkizuge-k-mektesti-840238)