---
title: "СҚО ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСКЕРЛЕРІ ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН 800-ГЕ ТАРТА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ"
description: "«Шамамен 50 жасөспірім тыңдады, - деді СҚО ПД ЕБҚКБ аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Жанар Бай..."
author: "dvd_sko"
published: "2018-11-08T06:51:29+00:00"
modified: "2018-11-08T06:51:29+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/s-o-esirtkige-arsy-k-reskerleri-zhas-spirimdermen-800-ge-tarta-kezdesu-tkizdi-818863"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/s-o-esirtkige-arsy-k-reskerleri-zhas-spirimdermen-800-ge-tarta-kezdesu-tkizdi-818863/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСКЕРЛЕРІ ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН 800-ГЕ ТАРТА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

> «Шамамен 50 жасөспірім тыңдады, - деді СҚО ПД ЕБҚКБ аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Жанар Бай...

![СҚО ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСКЕРЛЕРІ ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН 800-ГЕ ТАРТА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/51d0558f764ece804068ace9c12baf.jpg)

«Шамамен 50 жасөспірім тыңдады, - деді СҚО ПД ЕБҚКБ аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Жанар Байғазина. – Дамыған, білімді деген балалардың өздерінде де есірткінің адам организміне, психикасына қалай әсер ететіні, есірткі құқық бұзушылығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген қандай жауапкершілік бар екендігіне нақты түсініктері болмады. Одан басқа, олардың көбі Интернетте және белгілі мессенджерлерде есірткіні сатумен және таратумен айналысатын сайттар мен топтарды өз көздерімен көрді».

«Тұз» және «спайс» деген атпен белгілі синтетикалық психикалық белсенді заттарды бір рет қолданған күннің өзінде физиологиялық тәуелділікті тудырады. Олардың әсері ең ауыр өсімдік тектес есірткіден де асып кетеді. Өз қолымен тағдырына балта шапқан «тұзға тәуелді» нашақордың өмірі қысқа: екі-үш жылдан кейін қайтыс болады.

«Жыл басынан біздің қызметкерлер облыстық білім беру және денсаулық сақтау басқармаларының қызметкерлерімен бірлесе отыра, оқу орындарында шамамен 800 іс-шара өткізді, 25 мыңнан аса мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының оқушылары тыңдады. Одан басқа, СҚО барлық мектептерінде шамамен 3 мыңдай жоғары сынып оқушылар қатысқан бейнеконференция режимінде онлайн-сабақтары өтті», - деп хабарлады СҚО ПД ЕБҚКБ бастығы полиция подполковнигі Жандос Басыбаев.

![СҚО ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСКЕРЛЕРІ ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН 800-ГЕ ТАРТА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/f302b38bc93a09f02b8dbda936a6a2.jpg)

Сондай-ақ, педагогтармен және оқушылардың ата-аналарымен жұмыс жүргізіледі. Хабардар болу – есірткіге тосқауыл қоюдың және есірткіні сатумен айналысатындардың айласына қарсы тұрудың ең тиімді тәсілі. Бір сөзбен айтқанда, ЕБҚКБ қызметкерлері дәрістерде «Тұздар және спайстар» бейнефильмін пайдаланады. Бұл фильм – синтетикалық есірткі туралы нақты ақпарат беру көзі. YouTube хостингінде орналастырылған осы фильмді 14 мың адам көрген.

Полицейлердің мақсатты тобы – жасөспірімдер мен жастардың болып отыруы кездейсоқ емес. Себебі Қазақстанның болашағы жастардың қолында, ал онда есірткіге орын болмауы тиіс.

СҚО ПД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/s-o-esirtkige-arsy-k-reskerleri-zhas-spirimdermen-800-ge-tarta-kezdesu-tkizdi-818863](https://yvision.kz/post/s-o-esirtkige-arsy-k-reskerleri-zhas-spirimdermen-800-ge-tarta-kezdesu-tkizdi-818863)