---
title: "СҚО-ДА «ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗ АПТАСЫ» ӨТУДЕ"
description: "«Жол қозғалысының қауіпсіз аптасы» және «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиц..."
author: "dvd_sko"
published: "2018-11-15T15:10:46+00:00"
modified: "2018-11-15T15:10:46+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/s-o-da-zhol-oz-alysyny-auipsiz-aptasy-tude-819385"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/s-o-da-zhol-oz-alysyny-auipsiz-aptasy-tude-819385/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО-ДА «ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗ АПТАСЫ» ӨТУДЕ

> «Жол қозғалысының қауіпсіз аптасы» және «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиц...

«Жол қозғалысының қауіпсіз аптасы» және «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жолдарда тәртіпті нығайтуға жол қозғалысының барлық қатысушыларының құқықтық білімдерін арттыруға бағытталған профилактикалық жұмысты жандандырды.

![СҚО-ДА «ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗ АПТАСЫ» ӨТУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/e93ac699eba3fdb077439bd2d6db82.jpg)

Мамлют полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізушілерді «жылдамдық режимін сақтауға, жолаушыларға қауіпсіздік белдігін таққызып, абай болуға шақырды». Осы аптада осы сынды профилактикалық жұмыс аудан орталығында да, қала сыртындағы жолдарда да өткізілді. Жолдағы тәртіп ережелері туралы жүргізушілердің естеріне салып, арнайы әзірлеген брошюраларды таратты. «Көрнекі құралдардың беттерінде көлікте дәрі қобдишасының болу, төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау қажеттігі туралы біз естеріне салдық», - дейді Мамлют ауданының полиция бөлімі бастығы полиция майоры Серік Әлжанов.

Жүргізушілерге су жолда тежеу жолының ұзаратынын, автокөліктің сөрелерінде ауыр затты тасымалдаудың қажет еместігін білгені маңызды деп санайды полицейлер.

![СҚО-ДА «ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗ АПТАСЫ» ӨТУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/060a8a0e27ff0174df2314d9f1c54a.jpg)

![СҚО-ДА «ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗ АПТАСЫ» ӨТУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/bfdb2aa4719b65a6d212ca4a8734e4.jpg)

![СҚО-ДА «ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗ АПТАСЫ» ӨТУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/d3d9c3665a5cd496faaf3b3688a17d.jpg)

Полицейлер жол қозғалысының жас қатысушыларын ЖЖЕ қатаң сақтауға шақырды. Облыс орталығының мектептерінде СҚО ПД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері сабақ өткізді және оқушылардың білімін тексерді. Біз 14 – 16 қараша аралығында жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істейміз. Іс-шараны өткізуге облыстың ішкі істер органдарының күш пен құралдарының барынша саны, соның ішінде учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік наряд тартылды. Жұмыста профилактикаға ерекше көңіл бөлеміз», - деп тоқтала кетті СҚО ПД Жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы полиция майоры Александр Розбах.

![СҚО-ДА «ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗ АПТАСЫ» ӨТУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/ecec95737d84690b8138a106d8c732.jpg)

![СҚО-ДА «ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗ АПТАСЫ» ӨТУДЕ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/9543f6d48bb8df9c92105c452ab31d.jpg)

Сонымен қатар, «Қауіпсіз жол» ЖПІШ аясында жолдарда құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жандандырылады. Алғашқы күні 500 астам жол жүрісі ережелерін бұзушылық тіркелді. 14 жүргізуші мас күйде болған.

---

Source: [https://yvision.kz/post/s-o-da-zhol-oz-alysyny-auipsiz-aptasy-tude-819385](https://yvision.kz/post/s-o-da-zhol-oz-alysyny-auipsiz-aptasy-tude-819385)